Экономика • 27 Қараша, 2022
Өңірде құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Ең бастысы, құрылысқа қажетті өнімдер өзімізде өндіріле бастады. Мұның үлкен маңызы бар. Өйткені алыс-жақын шетелдерден тасымалданатын, кейде қасқалдақтың қанындай таптырмайтын, бағасы удай қымбат өнімдерге енді мұқтаж болмаспыз.
Экономика • 27 Қараша, 2022
Өткізу бекеттеріндегі ахуал: сауда-экономикалық қатынасқа қалай әсер етіп жатыр?
Еліміздегі қымбатшылыққа, тауар жетіспеушілігіне үлкен ауқымда геосаяси дағдарыс кесірін тигізгені белгілі. Ал түйткілдер картасына үңіле қарайтын болсақ, онда логистикалық тізбектердің бұзылуы бизнес шаруасын бүлдіріп отырғанын байқар едік. Қазақстан жыл басынан бері көлік-логистика кешенін жан-жақты дамытуға жанталаса кірісті. Сарапшылар Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастар Қазақстанның транзиттік және экспорттық-импорттық жағдайын дамытуға ықпал ететінін айтады.
Қаржы • 27 Қараша, 2022
Ілияс Исаев: Валюталық интервенция мәселені теңгенің пайдасына шешпейді
Қоғам • 27 Қараша, 2022
Бүгінде кеден саласының жұмысында өркениет талабына сай көптеген оң өзгерістің орын алып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Соның салдарынан аталған салаға байланысты қоғамда жағымсыз пікір тудыратын алыпқашпа әңгімелер желісі де айтылып қалып жүр. Бұл әңгімелердің көбісі негізсіз фактілерге құрылған, әрине. Себебі бұл салада сыбайлас жемқорлық пен адам факторының әсерінен арылып, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушылар үшін кедендік тексеру мен ресімдеу механизмдері халықаралық стандарттарға сай форматқа көшкелі бес жылдан асты. Сондықтан да сөзіміз дәлелді болу үшін қазіргі кедендік тексеру мен ресімдеу шараларына байланысты енгізілген жаңалықтарға қысқаша тоқтала кетелік.
Медицина • 27 Қараша, 2022
Қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісі
Жетісуда алғаш рет облыстық көпсалалы клиниканың директоры Мадияр Өмірбаевтың басшылығымен радиожиілік абляциясын пайдалана отырып, қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеудің жаңа әдісі енгізілді. Бұл тәсілдің өңір тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуде маңызы зор.