Сұхбат • 03 Қараша, 2022
Берік Асылов: Комиссияның көздегені – заңсыз капиталды елге қайтару
«Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі. Сондықтан, бүкіл халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет». Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы кезінде айтқан болатын. Жақында комиссия құрылғалы бері атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады. Құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіретін комиссия бес айдан бері жұмыс істеп келеді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, осы уақыт ішінде елге кем дегенде 630 млрд теңге қайтарылған. Бұл қомақты капиталдың артында қандай жұмыс тұр? Қайтарылған қаржы кімдерге тиесілі болған? Бұған дейін нормативтік актілер кімнің пайдасына шешіліп келген? Алдағы уақытта комиссия қанша уақыт жұмыс істейді? Шыны керек, активтерді қайтару жөніндегі комиссияның қызметіне қатысты бұл сұрақтар мен мәселелер бүкіл қоғамды қызықтырады. Халықтың жіті назарында тұрған осы сауалдарды біз ведомствоаралық комиссия басшысы, Бас прокурор Берік АСЫЛОВҚА қойған едік.
Экономика • 03 Қараша, 2022
Қазан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,23 теңгеге дейін, 1,7 пайызға нығайды. Ұлттық банктің хабарлауынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 91 млн доллардан 121 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд долларды құраған.
Үкімет • 03 Қараша, 2022
Демократия институттарын дамытудың нақты көрінісі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыруға қатысты бірқатар құжат қабылданды.
Экономика • 03 Қараша, 2022
Елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі жәрдем жасалып келеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың танымал бағдарламаларының бірі – 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы, оның аясында «Даму» қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрі – субсидиялау және кепілдік беру көмегі ұсынылады.
Қоғам • 03 Қараша, 2022
Аты-жөнді рәсімдеудегі сөкеттік
Кезекті сайлау алдында аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын баспасөзде жариялау – әуелден келе жатқан үрдіс. Бұрын сайлау комиссиясының құрамын тізбелегенде, аты-жөнді жазудан қазақылықтың нышаны көрінбейтінін байқап, көңіліміз қабаржитын. Бұл жолы қалай болды екен?