Қоғам • 03 Қараша, 2022
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның өмір сүру деңгейі ең арзан елдер қатарына кіргені туралы ақпарат ара-тұра бой көрсетіп қалады. Бірақ «арзанның сорпасы татымас» демекші, мұндай рейтингтерге сене қою қиын.
Елорда • 03 Қараша, 2022
Елордада мектеп салу мәселесі өте өзекті. Өйткені демографиялық өсім қарқынын ескерсек, оқу орындарының санын азайтпау аса маңызды. Мәселеге мән берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп салу үшін 100-ден астам учаске анықталғанын Instagram парақшасында мәлімдеді.
Қоғам • 03 Қараша, 2022
Кереку картобына сұраныс жоғары
Қазақстанда көктем мен жаздың басында картоп-көкөністің бағасы олимпиадалық жылдамдықпен өсе бастайтыны шын. Өзіміздің қорда сары майдай сақтап келген өніміміз түгесілген соң, Иран мен Пәкістанның, Мысыр елінің бағасы удай көкөнісін тасып әлек боламыз. Бұл тығырықтан шығу үшін ел өңірлері арасында картоп пен көкөніс бойынша алдын ала келісімдер жасау қолға алынып жатыр. Яғни облыстардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (ӘКК) белгілі бір өңірдегі көкөніс өсірушілермен тиімді бағада өнім сатып алу туралы алдын ала уағдаласады. Өнім иесі оны мамыр айына дейін сақтап, айтылған мерзімде жеткізіп тұрады. Бұл әдіс жергілікті нарықтағы бағаны қалыпты ұстауға көмектеседі деп болжанып отыр.
Аймақтар • 03 Қараша, 2022
Бірлік алаңындағы айшықты істер
Жуырда Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қалалық Достық үйі базасында «Бірлік алаңы» коворкинг орталығы ашылды.
Аймақтар • 03 Қараша, 2022
Тобыл өңіріндегі ең көпұлтты елді мекендердің бірі – Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылы. Облыс орталығынан 30 шақырым қашықта жатқан елді мекенде тұрып жатқан сан алуан ұлттың тату-тәтті тұрмыс-тіршілігі ауылдық кітапхана жанынан «Қазына» орталығы ашылғалы тіпті ажарлана түскендей.