Қоғам • 06 Қараша, 2020
«Бақытты отбасы» іскерлікке бастайды
Алматыдағы кыз-келіншектер мен көпбалалы аналар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолға алынған «Бақытты отбасы» бастамасы бұдан былай басқа бағытта жұмыс істеуі бек мүмкін. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тағдыр тәлкегіне тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау орталықтарына барған кезінде осындай шешім қабылдады.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Бағдарлама арқылы 330 мың тұрғын үй салынды
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Ресми мәліметтерге сәйкес, 15 жылдың ішінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2-6 есеге артып, баспана құрылысына салынатын инвестициялар 5-6 есеге өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.
Әдебиет • 06 Қараша, 2020
Орыстың әйдік ақыны Пушкин атақты «Капитан қызы» повесінің алғашқы нұсқасын отқа тастаған деседі. Шала туған шығармасының алдынан мешел ғұмыр күтіп тұрғанын бағдарлаған Набоков пен Достоевский де соны қайталайды. Енді қараңыз, сол күлге айналған қолжазбалар оларды шығармашылықтың биік шыңына алып шығады ғой. Ал Михаил Булгаков «қолжазбалар жанбайды» деп нүктелегенімен, данышпан Гоголь бұл сөзді жоққа шығарыпты. Бұл қатарға әдебиет тазалығын ойлаған Борис Пастернактың қиқарлығын да қосып қойыңыз.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Тапсырмалар іске асырылуымен құнды
Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Сондай-ақ министр ішкі істер органдарының осы жылдың тоғыз айындағы қызметін қорытындылады.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы және республикалық негізгі басылымдарда жарияланған мақалалары жұртшылық тарапынан қызу қолдау табуда. Әсіресе еліміздің болашағы, жастарымыздың ғылымға, білімге деген құлшынысы, мемлекеттік тілдің дамуы, ұлттың кемелденуі, қоғамдық келісім туралы ой-толғамдары көкейге қонымды. Өйткені онда баршамыздың көңіл түкпірімізде жүрген өзекті жайттар дөп қозғалған.