Университет • 30 Қараша, 2024
Менделеев университетінің филиалы ашылды
Мемлекет басшысы біршама уақыт бұрын елімізде шетелдік беделді оқу орындарының өкілдігін ашу туралы тапсырма бергені баршаға белгілі. Президент бастамасын іске асыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылығы бір жылдан астам уақыт бұрын Д.Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің мамандарымен әріптестіктің негізін қалады.
Білім • 30 Қараша, 2024
Ғылым мен өндірісті байланыстыратын жаңа қадам
Астанада «Ғылым және өнеркәсіп: Тау-кен металлургия кешеніндегі ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың қайта іске қосылуы» атты форум өтті.
Мәдениет • 30 Қараша, 2024
«Ұлы Жібек жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде ұлттық өнердің озық үлгілерін қамтыған бірқатар еңбектің таныстырылымы өтті.
Инвестиция • 30 Қараша, 2024
«Самұрық-Қазына» мен «SANY Renewable Energy» арнайы экономикалық аймақтағы зауыттың іргетасын қалады
Шу қаласында орналасқан «Жібек жолы» арнайы экономикалық-индустриялық аймағында алдағы жылдары ондаған жоба жүзеге асырылады. Солардың бірін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен қытайлық «SANY Renewable Energy» компаниясы қолға алып отыр. Күні кеше мүдделі тараптардың басшылары жел электр стансасына қажетті бөлшектерді шығаратын зауыттың іргетасын қалады.
Білім • 30 Қараша, 2024
Магистратураға құжат қабылдайды
Биыл жазда магистратураға тест тапсырған 10 мыңға жуық адамның 32%-ы ғана шекті балл жинады. Демек тестіленушілердің 70 пайызға жуығы оқуға түсе алмаған. Сол талапкерлерге және уақытында құжат тапсырып үлгере алмаған үміткерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.