Бокс • 29 Қараша, 2024

Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. 11 желтоқсанға дейін өтетін бәсекеде ерлер – 13, ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін бокстан Азия чемпионаты басталады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, жоспар бойынша биылғы Азия біріншілігі осыдан екі жыл бұрын аталған доданы қабылдаған Иордания астанасы – Амманда өткізілуі тиіс еді. Алайда өңірдегі қауіпсіздік мәселесі ескеріліп, чемпионат Иорданиядан Таиландқа ауыстырылды. Осылайша, Таиланд Корольдігі 1963 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бокстан Азия чемпионатын өз тарихында 9-мәрте қабылдап отыр.

Биылғы Азия чемпионатының ерекшелігі, сары құрлық додасына алғаш рет Украина боксшылары да қатыспақ. Бұл Азия чемпионатында тіркелген алғашқы жайт болса да, Еуропа чемпионатында өзге құрлықтан, яғни, Израиль, Мысыр сияқты елдердің де боксшылары қатысқан кездер болған.

Қазақстан ерлер құрамасының тізімі:
48 келі: Санжар Тәшкенбай
51 келі: Сәкен Бибосынов
54 келі: Махмұд Сабырхан
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Бейбарыс Жексен
63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
86 келі: Бекзат Нұрдәулетов
92 келі: Сағындық Тоғамбай
+92 келі: Айбек Оралбай

Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі:
48 келі: Әйгерім Сәттібаева
50 келі: Алуа Балқыбекова
52 келі: Жазира Орақбаева
54 келі: Сымбат Әлиасқар
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек
60 келі: Виктория Графеева
63 келі: Аида Әбікеева
66 келі: Милана Сафронова
70 келі: Наталья Богданова
75 келі: Диана Мағауияева
81 келі: Гүлсая Ержан
+81 келі: Елдана Талипова

Айта кетейік, сары құрлық чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.