Экология • 06 Қараша, 2020
Экологиялық кодекс: Министрлік қолдайды, кәсіпорындар қарсы
Таяуда Парламент Мәжілісінде жаңа Экологиялық кодекстің жобасы таныстырылған еді. Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауына сәйкес аталған реформаны жыл соңына дейін қабылдау көзделуде. Алайда еліміздегі ірі өндіріс кәсіпорындары бұл құжаттағы кейбір нормалар жетілдірілуі қажет екенін айтып, оның енгізілуін құптамай отыр.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Алматы аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталған азаматтарға көмек ұйымдастырды. Іс-шараға өңірдегі «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігі мен «Қайырымды жандар» тобының волонтерлері үн қосып, пробация қызметкерлерімен сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету жолдарын талқылады.
Медицина • 06 Қараша, 2020
Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Онлайн режімде Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қоғамдық кеңеске сайланған азаматтарды құттықтады. Сонымен бірге биыл елдегі жағдайға байланысты іріктеу шараларының кешіккенін айтты.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Жүз теңгесін бөлісе алмаған, миллионды да бөліспейді
Жексенбінің таңында елордада көлікке жәшік тиеген бір топ жігітті байқасаңыз, қайырымдылыққа асыққан жастар деп біліңіз. Аралбек Берікұлының достарымен бірге ай сайын азын-аулақ ақшаға азық-түлік пен көмір сатып алып, мұқтаж отбасыларға қамқорлық танытып жүргеніне бірнеше жыл толды. Smart bilim орталығының негізін қалаушы ұстаз қоғамға пайдалы болудың маңызы туралы әңгімелеп берген еді.
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Батыс Қазақстанда карантин күшейе ме?
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирусқа қарсы күрес штабының отырысында өңірдегі эпидемиялық ахуал талқыланды. Жағдай толық бақылауда дегенмен, күн сайын індет жұқтыру көрсеткішінің көбеюі алаңдатып отыр.