Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Батыс Қазақстанда карантин күшейе ме?

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирусқа қарсы күрес штабының отырысында өңірдегі эпидемиялық ах­уал талқыланды. Жағдай толық бақылауда дегенмен, күн сайын індет жұқтыру көрсеткішінің көбеюі алаңдатып отыр.

Батыс Қазақстанда карантин күшейе ме?

Күре жолдық медициналық құтқару бекеті – жол-көлік оқиға­ла­ры кезінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Мұндай құтқару бекеттерінің әр бі­реуінде дәрігер, фельд­шер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы жұ­­мыс істейді. Бекет арна­йы меди­циналық техникамен, медициналық мүлікпен, апаттық-құтқару кешенімен жабдықталған. Олар жол көлік оқиғасы орын ала қалса, зардап шеккендерге шұ­ғыл көмек көрсетіп, жансақтау шараларын жүзеге асыра алады. Сондай-ақ жақын маңдағы емдеу мекемесіне дейін жеткізеді. Қажет жағдайда тікұшақ қонатындай алаңы да бар.

Бекеттегі медицина қыз­мет­кер­­л­ері, құтқарушылар тек апат­­тық жағдайда ғана емес, өз­ді­гінен жүгінгендерге де көмек көрсетеді. Қыстың қақаған аязында, қарлы боранында күре жолдық медициналық құтқару бекетінің ғимараты жылыту орны ретінде де пайдаланылады. Алайда мұндай бекетте азаматтарды тамақпен қамтуға мүмкіндік жоқ. Қыста жолға шыққан жолаушылар осы жағын да ескергендері жөн.

2019-2020 жылдары бекет күрделі күн райына тап бол­ған тұр­ғындарға 11 рет кө­мекке шық­ты, 16 азаматқа меди­циналық кө­мек көрсетті, 27 адам­ды кө­шіріп, 26 адамды жы­лыт­қан.

Шығыстағы күре жолдық меди­циналық құтқару бекеттері мына бағыттарда орналасқан: Өскемен – Семей тас жолының 85 шақырымында (Ұлан ауданы, Привольное кенті), Алматы – Өскемен тас жолының 889 ша­қы­­рымында (Жарма ауданы, Ар­шалы кенті), Омбы – Май­қап­шағай тас жолының 634 шақы­ры­мында (Бесқарағай ауданы Қарабас кенті жанында), Омбы – Майқапшағай тас жолының 825 ша­қырымында (Жарма ауданы Суықбұлақ кенті жанында).

Күре жолдардың бойына құт­қару бекеттері қойылғанымен, жолаушылар да аса сақ болғаны абзал. Жолға шықпас бұрын ұялы телефонға келіп түсетін күн райы туралы ақпараттарға назар аударып отырғандары дұрыс. Боранның болу-болмауын ұялы теле­фоныңыздағы «Darmen» қо­сым­шасы арқылы да біліп оты­руы­ңызға болады.

 

Шығыс Қазақстан облысы