Әлем • 05 Қараша, 2020
Қаза тапқандар саны 114-ке жетті
Измирдегі зілзала құрбандарының саны 114 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы мәлімдеді.
Футбол • 05 Қараша, 2020
«Қайрат» – чемпион! Алматы командасының 16 жыл күткен жеңісі
Футболдан Қазақстан чемпионатының 17-тур ойындары аясындағы «Қайрат» пен «Ордабасы» арасында өткен матчта алматылықтар Шымкенттен келген қарсыластарын 3:1 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын ел чемпионатында топ жарды. Бұл – «Қайрат» клубының 2004 жылғы чемпиондықтан кейінгі алғашқы жеңісі. Сондай-ақ ішкі біріншілікте алты жылға созылған «Астананың» жеңісті жолы үзілді.
Қоғам • 05 Қараша, 2020
Зейнетақы жинағын пайдалану тетігі түсінікті болуы керек
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, онда экономикалық өсуді қалпына келтіру туралы және қоғамдық кеңестердің қызметіне қатысты заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Сондай-ақ Палата бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды.
Әлем • 05 Қараша, 2020
Кариб теңізінде басталған «Эта» дауылының екпіні күшейіп келеді. Сарапшылардың болжауынша, алдағы тәулікте долы жел одан сайын құтырып, оның деңгейі бесінші санатқа жетуі мүмкін. Дегенмен АҚШ Ұлттық орталығының хабарлауынша, «Эта» үйіріп соққанымен, жылжу қарқыны бәсеңдеу. Қазіргі таңда желдің жылдамдығы секундына 54 метрге жеткен. Соған қарамастан, дауылдың жылдамдығы кез келген сәтте артып кетуі ықтимал.
Білім • 05 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Білім және ғылым министрлігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұт Қасымбеков қатысты.