Ғылым • 02 Қараша, 2022
Бәсекелестікті арттыратын жоба
Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ЕМВА/МВА бағдарламасы ашылды. Азық-түлік өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, агробизнес және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі саласында мамандар мен кәсіпкерлерді даярлауға бағытталған инновациялық жобаның ашылу салтанатына қатысқан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Дархан Балпанов университеттің алғашқылардың бірі болып енгізіп отырған бастамасына қолдау көрсетті. Ол тың бағыт жоғары білім берумен қатар, ғылымды дамытуға, бизнесті және жалпы ауыл шаруашылығын өркендетуге зор ықпал ететініне сенім білдірді.
Қоғам • 02 Қараша, 2022
Мамандар – саланың негізгі күші
Әлеуметтік жұмыс мамандық ретінде Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жаңашылдық екенін атап өткен жөн. Әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлау соңғы жиырма жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлердің 33%-ы осы жүйеде 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандар екенін айта кетелік.
Қоғам • 02 Қараша, 2022
Жуырда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып тұрақты ұйымдастырушысы «Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болып келе жатқан «TOM: Astana» әлеуметтік жобасы бойынша PreTOM мейкатонының бірінші кезеңін өткізді.
Экономика • 02 Қараша, 2022
Жолы нашар елдің экономикасы да тәуір болмайды. Еліміздегі жолдардың жайы белгілі. Соған сай экономикамыздың да хал-ахуалы аңдалса керек. Бізде жол салу жанашырлық емес, жыл сайын бюджет қаржысын қарбыта асап қалу қамына айналғалы қашан. Жарайды, бұл басқа әңгіме. Негізгі айтпағымыз, өзгеше бір деректі негіз еткен зерттеу, сосын соңыра айтылатын оқыс пікір жайында.
Саясат • 02 Қараша, 2022
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуді кезең-кезеңімен алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша кеңес өткізді.