Саясат • 02 Қараша, 2022

Жауапты тапсырма

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жа­маубаев Мемлекет басшысының бағалар мен тарифтерді мем­лекеттік реттеуді кезең-кезеңімен алып тастау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша кеңес өткізді.

Жауапты тапсырма

Кеңес барысында Ұлттық экономика министрлігі бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуге талдау жүргізгені туралы баяндады. Монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту тәсілдері талқыланды.

Қорытындылай келе, Е.Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.