Қазақстан • 23 Қараша, 2017
Жуықта Астана қаласындағы Ұлттық музейде «Эрмитаж күндері» атты мәдени шара өтті. Бұл соңғы жылдары үзілмей жалғасып келе жатқан екі ел арасындағы рухани байланыстың жемісі болса керек. Өйткені сонау Петербордағы бай қазынаны бауырына басқан Эрмитажға барып, ондағы құнына қос айғырдың үйірін берсең де қолың жетпейтін жәдігерлерді тамашалап, тамсану кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейді.
Футбол • 23 Қараша, 2017
Ұлттар лигасы арқылы Еуропа чемпионатына жолдама
Еуропа футбол қауымдастық одағы (УЕФА) 2011 жылы Кипрде өткен стратегиялық кездесуде Ұлттық құрамалар арасында футболды дамыту мақсатында Ұлттар лигасының идеясын ұсынған болатын.
Футбол • 23 Қараша, 2017
«Астананың» қарымта қайтаратын кезі келді
Бүгін «Астана» өз алаңында атақты «Вильярреалды» қабылдайды. Испаниялық команданы қазақ жанкүйерлеріне таныстырудың қажеті жоқ шығар. Көпшіліктің есінде болар, үш жыл бұрын елордалық клуб өз алаңында дəл осы «Вильярреалдан» ірі есеппен ұтылған болатын.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
Өз анаң бойыңа берген қуат, табиғат сыйлаған талантпен ұштасса, онда адамның бағы жанып, жұлдызы биіктен көрінеді. Қанатты қырандай көкке самғап, көрген көзді де сүйсіндіреді. Міне, сондай талантты азаматтардың қатарынан табылып келе жатқан Қазақстанның халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, профессор, театр және кино режиссері Талғат Теменовтің әр жылдардағы жетістігі жұртты сүйсіндірумен келеді.
Қазақстан • 23 Қараша, 2017
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл толуына орай Астанадағы №3 балалар кітапханасында «Қазына қалдырған қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өтті.