Ауыр атлетика • 26 Қараша, 2023
Мексиканың Гвадалахара қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста өнер көрсеткен бес жерлесіміздің екеуі жеңіс тұғырына көтерілді. Алғашқы медаль Едіге Ембердінің мойнында жарқырады. 81 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 336 кг (145+191) зілтемірді еңсерді. Сөйтіп, ер мінезді Едіге ежелгі Ацтек елінде Қазақстанның әнұранын шырқатты.
Жекпе-жек • 26 Қараша, 2023
Қазақтың танымал аралас жекпе-жек шебері Асылжан «Сақ» Бақытжанұлы келесі жылы Шешенстанда іргетасы қаланған АСА промоушеніне қайта оралуды көздеп отыр.
Байқау • 26 Қараша, 2023
Орал қаласында жорық жыршысы, даңқты батыр Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Тартынбай сөйлер асылмын...» атты аймақтық-республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Қоғам • 26 Қараша, 2023
«Этика, эстетика, эпика. Осы үш иенің ортасында Алпамыс Файзолла бар. Сондықтан бұнда поэзия бар. Лирика, ұсыныс, сауал бар... Алпамыс жырларынан аспанды көреміз, Абайды көреміз. Абай барлық ақынға вакцина. Арықтап, шөлдеп, шаршап келе жатқанда Абай атты вакцинаны бір құйып алған кезде мына Алпамыстай ақындар пайда болады. Алпамыста қара өлеңнің ғажайыптары бар. Қара өлең – ақын үшін допинг. Әлемдік деңгейдегі ең ұлы ақын кім десек, ұлтының дәстүрін, тамырын, қанын ұмытпаған ақын. Сондықтан, Алпамыс бауырым, сенің жанқалтаңда он шақты ғасыр бар, ұлы қара өлең бар, әлемнің қай жағынан да көрінетін ұлы Абай бар. Сен – тәуелсіз Қазақстанның ең тамаша ақынысың». Бұл – белгілі ақын Сұраған Рахметұлының жас шайыр Алпамыс Файзолланың жыр жинағының тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзі.
Дәстүр • 26 Қараша, 2023