Абай • 04 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласында өткен кездесуде Үкіметке Абайдың мерейтойына арналған барлық қажетті іс-шараларды дайындауды тапсырып: «...Біз тарихтан үлгі алып, ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсетіп отыратын халықпыз. Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» басты бағыты болуы керек. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі», деген болатын Президент.
Өнер • 04 Қараша, 2020
Қазақ анимациясының жаңа белесі
«Менің бар арманым мультфильмдер де адамға көмектессе екен, өмір сүруге баулып, ұстаздық құрса екен», деген тұңғыш қазақ мультипликаторы Әмен Қайдаровты асқақ мұраттарға жеткізген ұшқыр қиялы мен табандылығы еді. Кешегі жексенбі балалар жүрегіне жол тапқан осынау суреткер жанның келешекке артқан үмітінің орындалған күні болды. Олай дейтін себебіміз, халықаралық «ÁMEN» Animation film festival салтанатты жиыны ашылып, бауырлас түркі жұртының аниматорлары бас қосты.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Сыпыра сөзінің мағынасы қандай?
Дәстүрлі қазақы ортада қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы тереңге кеткен сан-салалы қатынас уақыт озған сайын кейін қалып бара жатқаны жасырын емес. Кейбір этнографиялық атаулар мен ұғымдар қолданыстан алыстаған сайын ұмытылып, көнеріп те қалды. Десе де соның кейбірін жаңартып, жаңғыртып кәдемізге асыра алсақ қой деп кейде қиялға ерік береміз.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Атыраудың төрінде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған кәсіпқой бокс кеші өтті. «SULEIMEN Promotions» проумоутерлік компаниясы ұйымдастырған додаға Қазақстан мен Танзания боксшылары қатысты. Кәсіпқой бокс кешіне облыс әкімдігі қолдау көрсетті.
Спорт • 04 Қараша, 2020
Ұлттар лигасы: құраманың кеңейтілген тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 15 және 18 қараша күндері биылғы Ұлттар лигасындағы соңғы матчтарын өткізеді. 15 қарашада сырт алаңда Албаниямен ойнаса, 18 қарашада Алматының Орталық стадионында Литва құрамасын қабылдайды.