Үкімет • 26 Қараша, 2019
«Азаматтарға арналған үкімет» 10 айда 24 млн астам қызмет көрсетті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында «электронды үкіметті» дамыту және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева Мемлекеттік корпорацияның жұмысының қорытындылары туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Туризм • 26 Қараша, 2019
Тоғыз өңірдің тур операторлары Бурабайдың әлеуетімен танысты
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған үшінші республикалық ақпараттық тур өз мәресіне жетті. Қарашаның 22-24 аралығындағы үш күндік тур аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 23 тур оператор Щучинск-Бурабай курорттық аймағын аралады. Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қостанай, Петропавл, Семей, Өскемен және Елорданың өкілдері жергілікті турөнімді пысықтап, жаңа ұсыныстармен танысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 26 Қараша, 2019
Жастар театрында ерекше актерлер өнер көрсетеді
Бүгін 18.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында ерекше актерлер театры абырой, ар, ерлік және дәстүрге адалдық сынды жалпы адами құндылық мәселелері, ерекше қажеттілікке ие адамды әлеуметтендіру тақырыбын негіз етіп алынған #Мы с тобой одной крови әлеуметтік драмасын көрермендер назарына ұсынады. Көрсетілімді «Дегдар» Қорының қолдауымен Ұлттық Дельфий Комитеті ұйымдастырып отыр.
Тағайындау • 26 Қараша, 2019
Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Глубокое ауылында көмір базасы жұмыс істеп тұр
Көмір базасының ашылғанына бұған дейін Өскеменнен көмірді қымбат бағаға алып келген жергілікті халық ерекше қуанды.