Білім • 03 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Руханият • 03 Қараша, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2020 жылғы 30 шілде күнгі №144 санында жарияланған журналист Қазбек Құттымұратұлының «Ғарифолланың есімі тізімге неге кірмеді?!» атты мақаласын оқып, қолыма қалам алып отырмын. Жоғарыдағы жазбада айтылғандай, әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі, 1934 жылы Алматыда өткен халық көркем өнерпаздарының бірінші бүкілқазақстандық слетінің дипломанты Ғарифолла Құрманғалиевтің тізімнен сызылуы кездейсоқ жіберілген қателік емес деп ойлаймын.
Оқиға • 03 Қараша, 2020
Шаханның шешілмеген мәселесі көп
Осыдан 3 жыл бұрын Қарағанды облысындағы Шахан кентінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығы жарылып, апат салдарынан тоғыз адам көз жұмған болатын.
Руханият • 03 Қараша, 2020
Қазақтың жылқы түстеу және жасын анықтау ілімі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» деген еді. Сол сияқты француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде: «Көшпенділердің жылқытану мәдениеті әлемде теңдесі жоқ ілім және далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар, олар ат әбзелдерін және жылқыны бағу-баптау өнерін ойлап табушылар да осылар» дегені екен. Осы орайда, халқымыздың генеалогиялық жадысына ұстын болған жылқытану мәдениетінің бір пұшпағы жылқы түстеу һәм жасын анықтау ілімі жайлы айтпақпыз.
Оқиға • 03 Қараша, 2020
Солтүстік полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты. Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресімдемеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайдалану мүмкіндігі бар оның 22 жастағы ұлын ұстады. Баласы анасын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ болған...