Білім • 03 Қараша, 2020

Оқуға құштарлықты оятады

3638 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.

Оқуға құштарлықты оятады

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, атал­ған жобаның бастапқы бағыты әде­биетке арналады. Оқу көркем әде­биет арқылы жүргізіледі. Бұл ретте әдебиетті оқыту бағдарламасын өзгер­ту қажет.

«Әдиебетті тілден бөлек қарас­ты­ру­ға болмайды. Қазақ тілді және орыс тілді мектептерде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламасы бойын­ша үлкен жұмыс басталды. Осы ба­ғытта жұмыс топтары құрылды. Сонымен қатар көркем әдебиетте ел­де­гі, тарихтағы дәуірлік кезеңдер қам­т­ы­латынын ескере отырып, тарих пәні­нің әдебиетпен байланысын сәй­кес­тендіру бойынша тарих пәнінің бағ­дар­ламасына өзгерістер енгізіледі. Әр сы­ныпқа жас ерекшелігіне қарай сыныптан тыс оқылатын көркем әде­биет­­тер тізімі жасалды», деді вице-министр.

Сонымен қатар кітапханалардың жұ­мысы қайта қаралады. Барлық об­лыс­­тардағы білім басқармаларына үлкен талаптар қойылды. Кітапхана оқу­шының кітапқа құштарлығын арт­ты­ратын орын болуы керек. Кітап­хана­лар­дағы жалпы көркем әдебиеттің тізі­мі бекітіліп, оларды сатып алу мәсе­ле­сі­не басымдық беріледі.

«Оқулық» ғылыми-практикалық орталы­ғының директоры Ғани Бей­се­­м­баев «Оқуға құштар мектеп» жо­ба­сының мақсаты еліміздегі кітап­ха­налар ахуалын жақсарту және оқушы­лар мен жастардың көркем әде­биет­ке қы­зығушылығын арттыру еке­нін атап өтті.

«Бүгінде біздің зерттеу бойынша, жалпы мектеп кітапханалары қо­рын­да 200 млн-нан аса әдебиет бар. Оның ішінде 38 млн-ы – көркем әде­биет­тер мен мерзімді басылымдар. Бұл басылымдар сапасына мән берер болсақ, көбі 80-90 жылдардың аяғын­да шыққан көркем әдебиеттер екені, оның ішінде 20-30 пайызы жарамсыз екені анықталып отыр. Соған бай­ланысты шұғыл түрде мектеп кітап­ханаларын көркем әдебиетпен то­лықтыру мәселесі арнайы жол кар­та­сында көрсетіліп отыр», деді Ғ.Бейсембаев.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға бес жыл уақыт қажет. Бес жыл­да барлық мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтыру көз­дел­­ген. Әр жыл сайын мектеп кі­тап­­ханалары 20 пайызға көркем әде­биетпен толығып отырады. Бұл то­лық­тыру тізімі төрт бағытта жобаланып, белгіленіп отырады. Оның ішін­де бірінші кезекте отандық клас­сиктердің үздік туындылары, екін­шіден қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің тізімі және заманауи ақын-жазушылардың үздік шығармалары енеді. Сондай-ақ түрлі анықтамалықтар, ғылыми-көпшілік басылымдар мен оқу-әдістемелік құрал­дармен жасақталады. Әдебиеттер тізі­мін бекіту бес түрлі іріктеуден өтеді. Ең соңғы тізімді бекіту процесі арна­йы жасақталған комиссия арқылы іске асырылады. Бұл комиссия осы мек­тепке кіретін бес мыңға жуық атауы бар көркем әдебиет тізімін қа­лып­тас­ты­рады.

Сондай-ақ елімізде балалардың кітап оқу дағдысын қалыптастыратын қо­сымшалар іске қосылды. Қазіргі кезде қанатқақты жобаға 9 мың оқушы қатысып жатыр. Бұл туралы «Білім-ин­новация» халықаралық қоғамдық қо­рының президенті Дархан Өте мә­лім­деді.

«Қазіргі «Z» ұрпақ – ең ақылды буын. Соған сәйкес балаларға лайық жо­балар ұсынылуда. Жалпы, әлемнің мықты университеттерінің барлығы ең бірінші баланың терең ойына қарайды. Бұл кітап оқу арқылы болады. Қазіргі пандемия кезінде «Кітап» мобильдік қосымшасы әзірленді. Бұл – «Z» ұр­пақ­ты кітап оқуға ынталандыруға ба­ғыт­талған жоба. Олар – ең алғашқы цифр­лы әлемнің тұрғыны, виртуалды әлем­нің адамы. Бұл буынға беретін кон­тент онлайн болмаса, жетістікке жету мүмкін емес», дейді Д.Өте.

«Кітап» жобасы осы балалардың қа­білеттерін, ерекшеліктерін ескере оты­рып әзірленді. Бала үйінде әке-ше­ше­сінің бақылауымен күніне 20 минут кітап оқиды және күнделікті же­тіс­ті­гін көре алады. Мәліметтер оқу­шы­лар, сыныптар, жалпы, Қазақс­тан бойынша ұсынылады. Ойын тұрғысында әзір­ленген жобаның 6 деңгейі бар. Әр дең­гейде ұпай беріледі. Ай соңында қоры­тын­ды шығарылып, баланың деңгейі анық­талады. Сыйлықтар беріледі.

Тағы бір қосымша «Талап» деп ата­лады. Онда бала өз алдына күндік, апталық және айлық мақсаттар қояды. Осы онлайн қосымшалар арқылы баланың, ата-ананың белсенділігі тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20