Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Сахнаға салтанатты реңк сыйлайтын драма театрларының қызылкүрең дүрия яки масаты шымылдығы ауыр қозғалып ашыла бастағанда, селт еткізетін тың туынды күтіп отырған көңіліңді көп жағдайда жеңіл дүниенің даңғазасы жайлап ала жөнеледі. Ойлануға мұрша бермейді. Ойланудың қажеті де жоқ – жалт-жұлт оқиғалардың жетегінен қалып қоймай желпініп отыруға жарасаң, болды.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
«Егемен Қазақстан» газетінің мұғалім қауымымен кездесуі Рудный қаласындағы №15 қазақ орта мектебінде өтті. Мектеп директоры Қайыржан Нұрмағамбетовпен хабарласқанымызда «Мектептің қуанышын да, өзекті істерін де ата-аналармен бірге бөлісеміз. Кездесуге ата-аналар да қатысса бола ма?» деген еді. Болғанда қандай! Жалпы, бала тәрбиесі, білім мәселесі мектеппен бірге бөлініп қалған арал емес, бала ата-ананың ғана емес, мемлекеттің, ұлттың болашағы болғандықтан, мектептің мәселесі баршамызға ортақ.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
«Іздегенімізді «Егеменнен» табамыз»
«Егемен Қазақстан» газеті қосынының Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшілері Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-гимназия мен Макаренко атындағы №41 орта мектепте мұғалімдермен жүздесті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Жұмагүл Мақашеваның студенттері Нью-Йорк қор биржасының тұтынушылары атанды
Елбасы биылғы Жолдауында басты басымдық макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау екенін, оны орындау отандық қор нарығын одан әрі дамытудан басталатынын айтқан болатын. Осы ретте Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе отырып, қор нарығын жандандыруға бағытталған шара қабылдауды тапсырған еді. Бұл міндеттер елімізде қаржылық сауаттылық деңгейін көтеруді қажет етеді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2017
Петропавлда «Мені шыңдаған Серпін – 2017» шеберлік байқауы өтті
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы қабылданғалы «Серпін–2050» бағдарламасына қатысушылардың саны Қызылжар өңірінде молайып келеді. Бүгінде бағдарлама шеңберінде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 1200-ге жуық жас колледждерде 12 техникалық және кәсіптік мамандық бойынша білім алуда. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 900 студент оқып жүр.