Тарих • 25 Қараша, 2021
Шыңғырлаудағы 1916 жыл оқиғасы
Жақында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында болғанымызда, Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінен төмендегі материалды көріп қалдық. Бір қызығы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығы тұсында, яғни 1926 жылы оқиға куәгерлерінің естелігі жинақталған екен. Қазақ даласын түгел қамтыған толқу Батыс Қазақстан облысында да ерекше болған. Әсіресе, Шыңғырлау өңірінде болыс пен писардың өліміне ұласқан көтеріліс басшылары Орал түрмесінде өлім жазасына тартылған болатын. Биыл 105 жыл толған осы оқиға туралы сол кездегі Орал губерниясы Елек уезі Қарашығанақ мектебінің мұғалімі Әділгерей Иманұлы жазып қалдырған естелікті (15 қазан, 1926 жыл) ұсынамыз. Жазбаны төте жазудан аударып оқыған – Ұлттық кітапхана Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкерлері.
Аймақтар • 25 Қараша, 2021
Көзі ашылған бұлақ – көптің ырысы
Тәуелсіздік деген қасиетті сөз тіл ұшына оралғанда көкірегің уылжып кетеді. Рух еркіндігі, бодандықтың бұғауын сыпырған бостан, еркін шақ ел еңсесін көтерумен қатар, кеңестік кезеңнің кесапатынан құтылуға кең жол ашты. Бурабай баурайында атауы су көзіне байланысты болғанымен, таңдайына таза су тимей келген Ключевое елді мекені бар.
Әлем • 25 Қараша, 2021
Германия үкіметін үш партия жасақтайды
Германияның келесі үкіметі желтоқсанның басында жасақталмақ. Бұл туралы парламентте коалиция құруға талпынып жатқан партиялар мәлімдеді. Осылайша, Социал-демократиялық партия (SDP), «Жасылдар» (Grune) және Еркін демократтар (FDP) бундестагтағы көпшілік саналмақ. Ал сайлауда жеңіске жеткен SDP партиясының өкілі Олаф Шольц канцлер лауазымына кіріседі.
Әдебиет • 25 Қараша, 2021
Ұлттық әдебиеттің дамуына ең алдымен төл шығармалар, сосын сапалы аударма туындылар көмектесетіні шындық. Әлемдегі оқырманы көп үлкен әдебиеттердің көбі осы үрдісті басынан өткізді. Әлем әдебиетінің бір бұтағы болған қазақ әдебиетінің де дамуы мен деңгейі туралы айтудан жалықпаймыз. Өйткені әдебиет – тарихтың, өмірдің айнасы. Сол айнадан руханиятымыздың келбетін көре аламыз. Бүгінгі сөзімізде біз көркем аударманың жай-күйі туралы ой ортақтастырмақпыз. Бүгінгі дөңгелек үстелге ақын, аудармашы Жүкел Хамай, көптеген қазақ шығармасын түрік тіліне аударған тәржіман Ашур Өздемір, аудармашы Кенжебай Ахметов, парсы тілінен түпнұсқадан аударып жүрген Айнаш Қасым және Абылай Мауданов қатысты.
Президент • 25 Қараша, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филиппен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгияға ресми сапары осы елдің королі Филиппен кездесуден басталды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.