Қазақстан • 23 Қараша, 2023
Еліміз – Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі
Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Парижден жеткен бұл жағымды жаңалықты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram каналындағы ресми парақшасында сүйіншіледі.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
Елімізде кадр жетіспейтін, білім сапасы төмен өңірлерге үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарлама іске асырылып жатыр. Биыл аталған бағдарлама аясында Атырау облысында жұмыс істеуге 10 мұғалім ниет білдірген.
Маман • 23 Қараша, 2023
Жетісуда білім саласын жүйелеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір өңір кәсіпорындарының нақты тапсырыстары бойынша 13 колледжде 501 адам білім алады. Олар оқуларын аяқтаған соң, тапсырыс берген кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. Осыған байланысты колледж, студент және өңірдің 45 кәсіпорны арасында үш жақты келісімшарт жасалды.
Тұлға • 23 Қараша, 2023
Ұлттық өнердің мерейін өсірген
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында (ҚҰӨА) ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз, өнертану кандидаты, профессор Аман Бекенұлы Құлбаевтың театр өнері мамандарын даярлауға қосқан үлесі зор.
Сұхбат • 23 Қараша, 2023
Кәдірбек Сегізбайұлы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Барға шалқаймайтын, жоққа еңкеймейтін ұрпақпыз
Кәдірбек Сегізбайұлы есімі көзі қарақты оқырманға етене таныс. Мінезі сабырлы, парасатты жазушы болмысы қазақ танымының қазынасы іспетті. Жақында сексеннің сеңгіріне шыққан қаламгермен әңгімелесудің сәті түскен еді.