Аймақтар • 21 Қараша, 2017
Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысына сапармен барды
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысына сапармен келді. Сапар барысында ол заманауи технологиямен жабдықталған, теңіз суын тұшытатын бірегей зауыттың жұмысымен танысты. Сондай-ақ Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі нан комбинатының ұжымымен кездесті және дуалды оқыту жүйесі бойынша жоғары білікті мамандар даярлайтын политехникалық колледжде болды.
Қазақстан • 21 Қараша, 2017
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті қоғамдағы орнын нығайту мақсатында биыл ауқымды ребрендинг жұмыстарын жүргізді. Газеттің келбеті мен мазмұны заман талабына сай жаңғыртылып, жаңа ізге түсірілді.
Әлем • 21 Қараша, 2017
Халқымыздың «Бөрі азығы жолда» дегеніндей, журналист үшін де жол жүрудің ерекше мәні бар. Ел көріп, жер танып, түрлі адамдармен жүздесіп, ой қорытқан сайын дүниетанымың кеңейіп, өзгелерді өзіңде бармен салыстыруға тырысасың. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында» айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін де басқа елдердің тәжірибесін зерделеу керек-ақ. Біздің мақаламыз да осындай мақсатпен жазылды.
Әдебиет • 21 Қараша, 2017
Шынболат Ділдебаев туралы бір үзік сыр
Басқасын былай қойғанда, «Шындық» атты толғауымен ғана аты Алтай мен Атырау арасын аралап кеткен, шашасына шаң жұқпайтын шайыр, термелерді таңнан-таңға ұрып төңкерген жырау, сазгер Шынболат Ділдебаевтың артында жырлардан түзілген мол мұрасы қалды.
Қазақстан • 21 Қараша, 2017
Ол өзі о бастан Құдай жолын оңғарған жұлдызды жан еді. Академик Қабдоловты айтамыз.