Экономика • 23 Қараша, 2023
ХВҚ: Келесі жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 3-3,5% болады
Биыл Қазақстан экономикасының өсімі айтарлықтай орнықты қалыптасты. Жыл қорытындысы бойынша өсім көрсеткіші – 4,8 пайыз. Бұл – Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшенің берген бағасы және өсімге қатысты ХВҚ болжамы. Ол Украинадағы соғыстың қайталама салдары ел экономикасына шектеулі әсерін тигізді деп санайтынын да айтты.
Технология • 23 Қараша, 2023
ТМД елдері VK Cloud бұлтты қызметіне теңгемен төлем жасай алады
Қазақстанда бизнесті дамытып жатқан ТМД елдерінің компаниялары мен ІТ-кәсіпкерлер үшін республика аумағында бұлтты қызметтермен жұмыс істеу айтарлықтай жеңілдеді. Себебі VK Cloud бұлтты платформа қызметі Қазақстанда Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне банктік карталарымен төлем жасауға мүмкіндік беріп отыр. Демек Қазақстандағы VK Cloud ТМД елдері карталарымен төлем қабылдай бастайды.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
Елімізде электрондық коммерция секторы сыртқы факторларға бейімделудің жоғары деңгейін көрсете отырып, жедел қарқынмен өсіп келеді. Былтыр нарық көлемі 2 трлн теңгеге (4,2 млрд доллар) жақындап, саланың өңірдегі көшбасшылық позициясын нығайта түсті.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
«Ақсу қант» ЖШС ұзақ уақыт кідірістен кейін қайта жұмысын бастады. Өңірдегі ірі өндіріс орны маңайдағы шаруалардың өнімін қабылдап, қант шығарудың қамына кірісті. Енді тәттіні қамыстан ғана емес, қызылшадан да өңдейді. Қазір зауыттың кем-кетігі қалпына келтіріліп, байырғыдай қауырт жұмыстың қамына кіріскен. Биыл Көксу қант зауытынан кем нәтиже көрсетпейміз деп отыр.
Баға • 23 Қараша, 2023
Бақылаудағы баға көңіл көншіте ме?
Күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы шарықтап барады. Әзірге бұл қымбатшылыққа айтарлықтай тоқтау салынбай тұр. Осы орайда еліміздің әр өңіріндегі азық-түлік бағасы әртүрлі екені байқалады. Бұл қатарда Маңғыстау облысындағы баға тұрғындардың қалтасына әжептәуір салмақ түсіріп тұр.