VK Cloud платформасы Қазақстан аумағындағы QazCloud деректер орталығында орналасқан, Қазақстан заңнамаларының талаптарына сай келеді және республикадағы бизнес сұраныстарына бейімделген.
Ендігі жерде бизнес бұлтты қызметтерге pay-as-you-go үлгісі бойынша нақты қолданылған қуат пен құралдар үшін теңгемен төлей алады. PCI DSS қауіпсіздік сертификаты транзакцияларды қорғау мен төлем қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұлтты платформа 20-дан аса алдын ала бапталған инфрақұрылымдық, платформалық қызметтерді қамтиды – IaaS және PaaS. Бұлардың көмегімен компаниялар бизнесті цифрландыруға қатысты ІТ-инфрақұрылымын құру, нарыққа өнім шығаруды жеделдету, үлкен көлемдегі деректермен жұмысты жеңілдете отырып қауіпсіздікпен қамтасыз ету, микроқызметтік әзірлеме жүргізу сынды тапсырмалар кешенін шеше алады. Сервистердің құны мен конфигурациясы туралы толығырақ ақпарат сілтемеде қолжетімді.
Ал VK Cloud – кез келген компанияға бұлтты инфрақұрылым жасауда ыңғайлы құралдар ұсынатын, бизнес пен әзірлеме жасауға арналған бұлтты платформа. VK Cloud интернет қызметтері мен ашық код базасындағы технологияларды дамытудың көпжылдық тәжірибесіне негізделген VK Tech шешімдер портфолиосына кіреді. VK Cloud инфрақұрылымдық және платформалық қызметтерді, сараптамалық қолдау, дара және жеке инсталляциялармен қамтамасыз ете отырып, бұлтқа көшуге көмектеседі.
АЛМАТЫ