Қоғам • 24 Қараша, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде «Самұрық-Қазына» қоры жайлы: «Қордың «KEGOC», «Qazaq Gaz» және «Қазақстан темір жолы» сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма, яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?» деп, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселені көтерген болатын.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Ертіс өзенінің сағасында балық аулап жүрген азамат мұз астына түсіп кетіп, қаза болды. Толық қатып үлгермеген жұқа мұз 60 жастағы балықшының салмағын көтере алмаған. Төтенше жағдай қызметкерлері қысқы балық аулау маусымын бастап кету әлі де қауіпті екенін ескертіп отыр.
Медицина • 24 Қараша, 2022
Омыртқаға жасалған операциялар
Соңғы жылдары мегаполис медицинасын дамытуда нейрохирургтердің орнын айрықша атап өтуге болады. Аяғынан тік тұрып сағаттар бойы ажалмен арпалысатын ақ желеңді абзал жандарға операция жасау күнделікті іс болғанымен, оның арасында отандық денсаулық сақтау саласындағы жетістік болып саналатын оқиғалар да бар. Соның ішінде соңғы күндері жасалған бірнеше ерекше операцияның жай-жапсарын оқырмандарға жеткізген ләзім.
Медицина • 24 Қараша, 2022
Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері екі айлық нәрестеге ми ісігін жою үшін күрделі операция жасады. Қазіргі уақытта нәрестеге операциядан кейінгі ем жүргізіліп жатыр. Сәби анасымен бірге палатада. Айта кетелік, операция МӘМС аясында квота негізінде жасалды.
Руханият • 24 Қараша, 2022
Садықбек Адамбеков дегенде ең әуелі еске мөлдір моншақтай шашылып түскен күлкі түседі. Неге? Өйткені қазақ әдебиетінің кең жайлауында ою-өрнек, сән-салтанаты келіскен алты қанат ақ орда тіккендей сонадайдан көзге шалынар сатира жанрының қазығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп кетті. Сәкеңнің өмір жолына үңілсек, ол да әдеби жолын өлеңмен бастаған екен. «Өмір тойы» атты өлеңдер жинағы шыққан. Содан сатира жанрына бет бұрып, барлық ғұмырын осы күштілердің қаруына арнап кетті.