Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Қамақтағы мүгедектің құқығы қорғалсын
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Конвенциясының талабына сәйкес, бас еркінен айырылған мүгедектердің адами құқықтарының сақталуына басқалармен бірдей кепілдік беріледі, соның ішінде олардың еңбегін мүмкіндігінше қолдану да қарастырылған. Бүгінгі таңда Қазақстанда қамаудағылардың 2 пайыздан астамы, яғни 744 мүгедек әртүрлі қылмыстары үшін бас еркінен айырылып, қамақта отыр.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Тозған тазартқыштар – толған зиян
Еліміздің өңірлерінде өткен барлық дерлік кездесулерде тұрғындар және жергілікті атқарушы билік өкілдері коммуналдық кәсіпорындардың жұмыстарын өте қанағаттанарлықсыз деп атап жатады. Елді мекендердің тазартқыш құрылыстары да жұртшылық пен экологтардың ерекше алаңдаушылығын туғызуда.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Еуразиялық экономикалық одақ шеңбері тарылмайды
Ақтөбе қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов қатысты. Отырыста Ресейдің Челябі қаласында көршілес мемлекеттердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өткізілген XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін бергені аталып өтті.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Абай туған өңірге айрықша назар
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің бірнеше депутаты Шығыс Қазақстан, Семей өңірінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізген едік. Сол сапарда көз көрген, көңілге түйген бірқатар мәселелер жөнінде ой бөліспекпін.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Астанада операторсыз ХҚКО ашылады – Абаев
Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада жаңадан ашылатын ХҚКО-да операторлар болмайтынын айтты.