Спорт • 24 Қараша, 2022
Футболдан Қатардағы әлем чемпионатында тағы төрт бәсекені тамашаладық. Жасыл алаңға шыққандар қатарында Хорватия мен Мексика, Германия мен Жапония, Испания мен Коста-Рика, Бельгия мен Канада құрамалары болды. Бұл командалардың барлығы да осы жарыстағы алғашқы кездесулерін өткізді.
Футбол • 24 Қараша, 2022
Қазір кез келген футбол жанкүйерінен биылғы әлем біріншілігінің басты ерекшелігі қандай деп сұрай қалсаңыз, ойланбастан доп додасының алғаш рет күз бен қыс мезгілінде өтіп жатқандығында деп жауап берері анық. Бірақ Қатардағы әлем біріншілігінен тағы бір айрықша ерекшелікті байқап отырмыз. Ол – матчтардың әдеттегіден тым ұзаққа созылуы.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезіміз. «Енді журналистика пәндерінен профессор Қырықбай ағай дәріс оқиды, сабақтан қалмауға тырыс. Ол кісінің талабы қатал», деп хабарласты бір күні тобымыздың жетекшісі. Облыстық басылымға жұмысқа қабылданып, айдарымыздан жел есіп жүрген студенттің біріміз ғой. Соны малданып сабақтан қашқақтап жүретініміз рас. Сондықтан бұл жаңалық маған ерекше көрінді. Ертеңгісін оқу орнына құстай ұшып жеттік.
Аймақтар • 24 Қараша, 2022
Жетісуда «Hubei Kelison» индустриалды паркі құрылысының жобасы тоқтап тұр. 2020 жылы басталған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» деп аталатын өндірістер мен логистикалық қызметті ұйымдастыру жоспарының әзірге 10 пайызы ғана орындалған.
Қоғам • 24 Қараша, 2022
Түрік ыбырайтанушысы Қазақ еліне келді
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде ұлы ағартушының мұрасын тәржімалап, зерттеп, насихаттап жүрген ғалым, Түркиядағы Муғла Сыткы Кочман университетінің доценті, PhD Экрем Аянмен кездесу өтті. Екі сағатқа созылған емен-жарқын әңгіменің басында өңір зиялылары, музей қызметкерлері мен дарынды балаларға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның шәкірттері болды.