Қоғам • 22 Қараша, 2019
Арыстағы жарылыс – тәуелсіз Қазақстан тарихында елдік пен ерлік сынға түскен сәт еді. Маусымның жайма-шуақ таңындағы аласапыран сәтте біз талай отандасымыздың ерлік жасағанына, халықтың жұдырықтай жұмыла білгеніне куә болдық. Мен де азаматтың азаматтығы көрінген оқиғаға сол күні куә болғанымды бөліскім келеді.
Руханият • 22 Қараша, 2019
Жолаушы болып жолға шыққан адам ең бірінші барар бағытына жылдам әрі жайлы жетуді көздейді. Көлікке көнбей, жүрдек пойызға мінбей, ұшақты ұнататын жандар да жетерлік. Қалай болғанда да, әркім өзінің қалаған тұлпарын тізгіндейді. Сапар – сан түрлі тағдырларды түйістіретін айрықша алаң десек артық айтқандық болмас, сірә. Еркін жүріп, ел аралау барысында екі сағат сапардың өзінде де етене жақын болып кететін жандар кездеседі. Сырласасыз. Мұңдасасыз. Күлесіз. Жылайсыз. Соңында қимай-қимай қоштасасыз.
Әлем • 22 Қараша, 2019
Мәскеудің мәдени күндерінің маңызы зор
Қалалар арасындағы әріптестік және бауырластық қарым-қатынастың қалыптасқанына 25 жыл толғанына орай Алматыда Мәскеудің мәдени күндері болып өтті. Мәдени күндердің ең маңызды оқиғасы – Мәскеу Үкіметінің экономикалық конференциясы болды. Мұнда Алматы қаласы әкімдігі мен Мәскеу Үкіметінің арасындағы байланыс туралы 2020-2023 жылдарға арналған меморандумға қол қойылды.
Аймақтар • 22 Қараша, 2019
Тұрғындар қауіпсіздігі – басты назарда
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қазақстан • 22 Қараша, 2019
Материалдық емес мәдени мұралар – ЮНЕСКО оларды мектеп бағдарламасына енгізуге ниетті
Алматыда Орталық Азия елдерінің материалдық емес құндылықтарын насихаттауға арналған өңіраралық кездесу өтіп жатыр. Биылғы басқосу материалдық емес құндылықтарды сақтау және оны мектеп және жоғары оқу орындарының академиялық бағдарламаларына енгізуді көздеп отыр. Бұл шара ЮНЕСКО мен Азия – Тынық мұхиты аймағындағы елдердің материалдық емес мәдени құндылықтарын зерттейтін Халықаралық-ақпараттық орталығының қолдауымен өтті.