Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Алматыда ҚХА ІІІ халықаралық медиа-форумы өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сананың ашықтығы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ халықаралық медиа-форумының жалпы отырысы болып өтті. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, ҚазҰУ-дің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов және Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген сарапшылар мен медиа саласындағы отандық сарапшылар, этномәдени бірлестіктер және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Аягөз ауданының Айғыз ауылында жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Ауыл тұрғындары мен мектеп түлектерінің демеушілігімен бой көтерген ғибадат үйінің ашылуына Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов пен аудан әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.
Аймақтар • 20 Қараша, 2017
Қырық жыл полигон зардабын тартқан аймақта халық саны азайып барады
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Музейге тартылған ерекше сыйлық
Ағайынды Бектұрғановтар тарту еткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов пен оның жары Бәдрисафаның портреті Әулиекөл аудандық музейіндегі келушілердің назарын ерекше аударатын жәдігер боларына күмән жоқ. Портретті олардың сұранысы бойынша қостанайлық белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Юрий Новоселов салып шықты.
Білім • 20 Қараша, 2017
Аграрлық ғылымның жайы алаңдатады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек» деп атап өткен-ді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – нарыққа қажетті өнімдерді өндіру. Ал сол бағдарламада қарастырылған сегіз негізгі тапсырманың бірі – ауыл шаруашылығы өндірісінде аграрлық ғылымның қажеттілігін қамтамасыз ету.