Таным • 24 Қараша, 2020
Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз.
Таным • 24 Қараша, 2020
Түз тағысы бүркітті қолға түсіріп, оны өзіне құлақкесті бағындырып, онымен де қоймай алпыс екі айлалы түлкіні алдырып, саятшылық құратын ғаламда халық аз. Көк аспан тағысын қолға үйрету оңай емес. Оның амал-айласын білетін әлемде қазақтан басқа халық кемде-кем.
Таным • 24 Қараша, 2020
Көк аспанға тіреу болған алып тау
Пирамида пішінді сұлу шыңды көргенде қарт тарихқа қадау-қадау із қалдырған алып тұлғалардың сұлбасы елестейді. Сіз, мүмкін заңғар көкке ұмсынып, мызғымастай мелшиіп тұрған құздар қаншама деп сөзімізге келіспессіз... Бірақ ол өзгеден оқшау, басқадан дара. Құдды, хас шебердің қолымен мүсінделгендей. Көздің жауын алатындай мәрмәрлі бір бетіне тоқталмағанның өзінде, басында ұдайы маңғаз бұлттың «жіпсіз байланып» қала беретінін ескерсеңіз де жеткілікті. Жіпсіз байлану демей не дейсіз: бұлт дамылдаса табиғаттың мың-миллион дыбыстан құралған теңдессіз симфониясы орындалып жатқандай болады. Сонда жапондықтар жабыла әспеттейтін Фудзияма тауы қызық еместей, бізге!
Руханият • 24 Қараша, 2020
Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Түркістан қаласында орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лаухалар жаңғыртылуы» атты іс-шара өтті.
Тарих • 24 Қараша, 2020
Әулиеата аймағы мен Арқа даласының шектесер тұсында, бүгінгі Сарысу ауданының Шығанақ ауылына қарасты аумақта Қуарал деген жер бар. Қуарал – төменгі Шу өзенінің бойында орналасқан. Шу бойы тұнған қамыс. Тастан өзге ештеңе жоқ, төрт тармағын өзен суы қоршаған елсіз мекен. Төрт мезгілде де бір толастамайтын желі табиғаттың таңғажайып құбылысын танытып тұрғандай. Әлдеқайдан әлдекім қобыз шалып тұрғандай елестейтін ұлы даланың бір пұшпағы өзін-өзі қоңыр күйімен тербетіп жатыр. Қуаралдың етегінде әйгілі қобыз пірі Ықылас Дүкенұлының бейіті бар. Арқа даласында қайтыс болған ұлы күйшіні қар суының соңын ала, жер кеңіген шақта осы Қуаралға әкеліп жерлеген екен...