Пирамида пішінді сұлу шыңды көргенде қарт тарихқа қадау-қадау із қалдырған алып тұлғалардың сұлбасы елестейді. Сіз, мүмкін заңғар көкке ұмсынып, мызғымастай мелшиіп тұрған құздар қаншама деп сөзімізге келіспессіз... Бірақ ол өзгеден оқшау, басқадан дара. Құдды, хас шебердің қолымен мүсінделгендей. Көздің жауын алатындай мәрмәрлі бір бетіне тоқталмағанның өзінде, басында ұдайы маңғаз бұлттың «жіпсіз байланып» қала беретінін ескерсеңіз де жеткілікті. Жіпсіз байлану демей не дейсіз: бұлт дамылдаса табиғаттың мың-миллион дыбыстан құралған теңдессіз симфониясы орындалып жатқандай болады. Сонда жапондықтар жабыла әспеттейтін Фудзияма тауы қызық еместей, бізге!

Тәубе, қазақ даласы ғасыр толғағында не бір алып перзент-тауларды дүниеге әкелді. Баяғы бір тарғалаңда басынан мың тайлағы босқан Қаратауды айтыңыз; Тұтас түркіге алтын тақ болған, Асанқайғыша айтқанда, ат тұяғымен шалғанда арғы шеті мен бергі шеті алты айлық аумақты алатын қарт Алтайды атаңыз; Хауана мен Адамата жұмақтан қуылып, жер бетіндегі ыстық та, қағыр мекенге тап болғанда Алладан тілеген тілегінің құдіретімен кез болған «иранбағы» – Алатауды айналып-толғаныңыз; хас сұлудың жанарындай Сексен көлді көкірегінде тербеп, бұлықсыған Бурабайды бауырына басқан Ақан серінің Көкшесін еске түсіріңіз; Ұшар биігін ұлар жайлаған, даланың дара перезенті хан Жошы жатқан Ұлытау сынды, тағы басқа тауларды оймен өлшеп, санамен саралап көріңізші: қазақ үшін қай-қайсысы да теңдессіз биік таулар. Ал біз сөз еткелі отырған қазақ жерінің ең биік нүктесі атанған Хантәңірі ше?
Ұлы далада биіктігі 6 мың метрден асатын он екі тау бар болса, олардың арасындағы ең биігі осы Хантәңірі. Әлгі бір Ньютон шал айтты дейтін «өзіне дейінгілердің иығында тұрған биік тұлғадай» шүбәсіз, шексіз асқақ. Бәлкім, содан болар, осы бір тау жайлы оқтын-оқтын ой қыдыртқанда, бір құдіретті сезімнің бесігіне бөленетініңіз. Көкке тырмысқан көп-көп сеңгірдің ішінен, хакімше болғанда, саусағын аспанға жайып, айға талпынған жас жүректің сұлу бір суретін көретіндейсіз. Талпыну демекші, тау баласының тауға қарап өсетіні ақиқаттан болса керек. Өйтпесе «Хантәңірінің етегі – Райымбек батырдың мекені» деп бұл халық бәтуәлі сөзін босқа рәсуа етпек пе? Болмаса осы таудың етегінде ержеткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: «...Тау дейтін алып жүрек ана туған, мен – таулықпын! Таудан мен жаратылғам...», деп айтар ма еді, айтпас па еді, кім білсін?!
Бағзыдан жеткен бәдізнамаларға сүйенсек, Хантәңірі – тұтас түркіге ортақ тау деседі. Оған да дәлел жоқ емес: зерттеушілердің пайымынша, осы атаудың «хан» және «тәңір» деген екі сөзден құралуы бекер емес-ті. Әуелі алғы сыңары туралы сөз жарыстырсаңыз, ат басын тұп-тура түркілік дәуірге тіреп таңырқайсыз. Сөйтесіз де, «хан» сөзінің кәдімгі өзіңіздің төл сөзіңіз екеніне сенесіз.
Ал екінші сыңары ше? Ол туралы салғырт сөйлеу түгілі үстірт ойлауға қақыңыз жоқ. Неге дейсіз бе? Ең алдымен әңгіменің ауанын сәл-пәл әрірекке бұрып көрелік. Осы тау Нарынқол, Кеген өңірлерінде 1960 жылға дейін жергілікті тұрғындар тілінде «Хантеңгір» деп аталып келіпті. Мұны неге айтамыз? Өйткені біздің байламымызша, «Хантеңгір» – қасиетті сөз болған. Сіз, тіпті, мұны орыстың «Хан тенгир» деген сөзімен шатастырмауға тиіссіз.
Том-том тарихнаманы қал-қадерінше аударып-төңкерген тарихшы мамандар Хантәңірі атауының екінші сыңарындағы теңгір (тәңірі) ежелгі шумер тілінде дингер – «құдай», «аспан» дегенді білдіретінін алға тартады. Ал көне түркі тілінде тәңірі – «аспан», «құдай», «әмірші», «билеуші»; Моңғол тілінде тэнгэр – «аспан», «көк» деген мағыналарға ие екендігін айтады. Осы орайда түркітанушы ғалым Аманқос Мектептегінің мына бір пікірін айта кетуге тиіспіз. Ол: «Алатаудың әуелгі аты – Тәңіртақ... Тәңіртақтың биік шыңы – Хантәңірі... Қазақтың «Құдіреттің күшін көрем десең, тауға бар» деуі бекер айтылмаған. Ежелгі дәуірде Хантәңірі исі түріктің сыйынатын қасиетті орны болған. Түріктердің өздері де олардың ата-бабалары ежелгі уақыттарда Хантәңірі тауында және Алтайда тұрыпты», дейді.
Бұған қоса бүгінде осы таудың шығыс бөлігіне иелігі жүрген Қытайдың осыдан 1200 жыл бұрынғы жазбаларында да мол дерек кездесетін көрінеді. Олар өз тілдік стиліне қарай бізден басқаша атаса, Аспантаудың оңтүстігіндегі бізбен атам заманнан төскейде малы қосылған айырқалпақты ағайын тілінде бұл тау «Кан-Тенгири» деп аталады. Ол ол ма, күн батар алды осы шыңның басына дамыл алған кешкі нұр құдды қарға аунаған сайын күреңіте түсетін қырдың қызыл түлкісіндей ғажайып түске оранады. Жергілікті қазақ осы таңғажайып көрініске қарап бұл биікті «Қантау» деп әспеттесе, көрші қырғыз ағайын «Қантоо» деп ұлықтайды.
Иә, түркінің тауы екеніне дәлел атынан бұл да аз десеңіз, тағы бір мысал айталық. 1964 жылы Қазақ Ғылым академиясының көне жазба ескерткіштерді зерттеуге жасақталған экспедициясы осы өңірде болып қайтады. Академик І.Кеңесбаев басқарған зерттеуші топ Хантәңірі тауының бір тармағы, Лабасы тауының батысындағы 20 шақырым жердегі Қарқара өзені бойынан көне түркі жазуы бар тас мүсінді тапқан болатын. Оны сол экспедиция мүшелері Ғ.Мұсабаев пен Ғ.Айдаров талдап оқып, оның осыдан екі жарым мың жыл бұрын болып өткен Алаша ханға арналғанын, көне түркі алфавитімен жазылғанын растаған.
Жалпы, Солтүстік Жер шарындағы ең биік нүкте – Хантәңірі түркінің тауы екені даусыз. Бұдан соң «қарт Таянь-Шаньның жүрегі, көк аспанның тірегі» болған Хантәңірінің кеуде тұсыңыздағы алар орны биіктемей көрсін?!
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар