100 • 21 Қараша, 2019
Жазықсыз жазаланған журналистер
«Ұшқын» газетінің алғашқы редакторы Халел Есенбаевтан бастап, 1938 жылы газет тізгінін қолына алған Сақтаған Бәйішевке дейінгі 18 редактордың 12-сі атылыпты. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде жүргізілген зиялыларды қудалау науқаны журналистерді де айналып өткен жоқ. Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «қараңғы қазақ көгіне күн болуға» ұмтылып, алаш үні «Қазақ» газетінің рухында тәрбиеленген бір буын кеңестік дәуірдің алғашқы жылдары барлығы дерлік газет-журнал маңына топтасты.
100 • 21 Қараша, 2019
100 • 21 Қараша, 2019
Елорда ендігінен өзіне тиесілі еншісін алып, еркін жайлаған «Егемен Қазақстанның» еңселі ғимараты сырттай тыныштық құшағына сүңгіп, қаладағы көп құрылыстың біріндей өзінің қимылсыз қалпын бұзбағанымен, ішіндегі буырқанған тіршілік тасқыны шын мәніндегі шығармашылық жұмыстың жайбарақат жүзеге аспайтындығын айқын аңғартып тұрғандай. Күн сайын ояу жүректі оқырманын ойлы мақалаларымен қуантпақ ниетте жұмылған жұдырықтай жабыла еңбектенген әр қызметкердің өз жауапкершілігі бар.
100 • 21 Қараша, 2019
Газет жасаудың, газет шығарудың қызық-шыжығы әрдайым қат-қабат жүрсе керек. Қалам мен қағазды серік еткен журналист ағайындардың арасында «Газеттің өзі – бір күндік, ал сөзі – мың күндік» деген тамаша тәмсіл бар. Өте орынды. Жүз жылдық шежіреге айналған «Егемен Қазақстанның» сарғайған беттерін парақтаған сайын бұған көзің қаныға түседі-ау. Талай тағдырлардың, талай қаламгерлердің қолтаңбалары шертер сыр да көп-ақ. Жанкешті журналистердің тіршілік-тынысынан хабар берер редакцияның сырт оқырманға беймәлім ішкі «кухнясы» өзінше бір әлем. Әр жылдары, әрқилы жағдайларда газет қызметкерлерінің табанда суырып айтқан ой ұшқындарын, астарлы әзілдері мен қуақы қалжыңдарын өзек етіп өрген алақандай әңгімелер шоғырын басылымның ғасырлық тойына арналған нөмірінде жариялауды жөн көрдік.
100 • 21 Қараша, 2019