Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2023
Диспансер қызметіне дем берген...
Әлемдік ахуал солай ма, әлде өңірдің экологиялық жағдайының әсері ме, Маңғыстауда онкологиялық ауру көрсеткіші жыл сайын көбеймесе, азаймай тұр. Мысалы, Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің 2023 жылғы 9 айында аурушаңдылық 100 мың тұрғынға шаққанда 134,5%-ды, 778 пациентті құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың 9 айында 100 мың адамға шаққанда 130,7%, 738 пациент болған еді. Яғни аурушаңдылық 2,9%-ға өскен. Сүт безі обыры – 22,1%, асқазан обыры – 26,5%, жатыр мойны обыры – 23,8 %, колоректальды обыр – 21,8%, өкпе обыры 8,8%-ды құраған. Қатерлі ісік ауруларының негізгі жас аралығы 55-70 жас, оның ішінде әйелдер – 462, ал ерлер – 316.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2023
Қостанайдағы Жастар сарайында «Түркі әлемі» халықаралық этнофестивалі өтті. Бауырлас елдердің арасындағы мәдени байланыстың беки түсуіне септігі мол дәстүрлі іс-шараға Қостанай облысының өнерпаздары, Өзбекстан, Қырғызстан және Башқұртстан Республикасынан келген өнер ұжымдары қатысты.
Жануарлар • 20 Желтоқсан, 2023
Желтоқсанның ызғарлы күндері адам былай тұрсын, аңды да әбігерге түсірген сыңайлы. Әншейінде қарасын көрсетпейтін елік екеш елік те елді пана тұтып, қотанға кіріп кетті.
Табиғат • 20 Желтоқсан, 2023
Айрықша қорғалатын өсімдіктер сиреп барады
Еліміздің солтүстік-шығыс өңірінде жайқалған жалқарағай ормандарының ерекшелігі жайында бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Қарағай ормандарында «Қызыл кітапқа» енетін 7 өсімдік түрі, орман сусары және жергілікті құстардың 50 түрі бар. Өкінішке қарай, бұл иен байлық орман өртінің жиілеуімен сирей түскен.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2023
Сырдария ауданында 80 отбасына жаңа баспана кілті табыс етілді. Осы ауданға жасаған сапары аясында қуанышқа кенелген тұрғындармен кездескен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қолжетімді баспана – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан жүзеге асырылатын басты стратегиялық жоспарлардың бірі екенін атап өтті.