Инновация • 22 Желтоқсан, 2022
Ақпараттық инновация талқыланған алаң
Тұңғыш рет ұйымдастырылған Орталық Азия медиа форумының екінші күнінде де саладағы өзекті мәселелер қызу талқыланды. Пленарлық сессияларда сарапшылар ұтымды ұсыныстар мен орамды ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, «Жасанды интеллект және ауқымды деректер: медиадағы инновациялық технологиялар», «Креативті индустрия – әлеуметтік трансформацияның элементі» сияқты пленарлық сессияларда жаңа медианың жарқын болашақты қалыптастырудағы рөлі таразыланып, форум қатысушылары тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия биыл 32 маңызды іс-шара өткізді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте кеңінен мағлұмат берілді.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022
ТҮРКСОЙ: 2023 – Темірбек Жүргенов жылы
Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының мерейтойлық білім беру аясында «ТҮРКСОЙ: ынтымақтастық пен жасампаздыққа 30 жыл» атты халықаралық кітап-иллюстрациялық көрмесі ашылды.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2022
«KEGOC»: Басты басымдық – сенім
Өткен жексенбіде Қазақстанның энергетика саласының қызметкерлері Энергетиктер күнін атап өтті. Осыған орай, еліміздің энергетика саласының көшбасшыларының бірі – «KEGOC» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекелеріне қандай жетістіктермен келгендігін компанияның басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтан сұрадық. Біз сұхбаттасымызды кездейсоқ таңдағанымыз жоқ – биылғы шілде айында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толған болатын.
Парламент • 22 Желтоқсан, 2022
Дәрігерді ынталандыратын құжат
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыста депутаттар денсаулық сақтау мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, еңбек дауы мен жанжалды шешу тәртібін жеңілдетуге қатысты және банкроттық туралы заң жобаларын мақұлдады.