Айбын • 19 Желтоқсан, 2023
Ұлттық ұлан қатарындағы Никита Дяченко өз болашағын өнермен сабақтастырады. Өскемен қаласындағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімнің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маман-операторы біздің сұрағымызға жауап берді.
Тарих • 19 Желтоқсан, 2023
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өсуіне айрықша ықпал етті. Халықтың өзін-өзі тануын, ұлттық болмыс-бітім, сын-сипатын, ең бастысы, Тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Желтоқсан демократия мен адам құқығы туралы ұғымға да айта қаларлықтай өзгеріс енгізді.
Зерде • 19 Желтоқсан, 2023
Біз не деген жаны сір халықпыз! Отаршылдық қамытын киген басқа кезеңді айтпағанда, кешегі XX ғасырдың өзінде қазақтың басынан не өтпеді: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы кеңес өкіметінің орнауы, 1927-1928 жылдардағы зорлап жүргізген ұжымдастыру, 1930-1933 жылдардағы талай жанды жалмаған алапат аштық, 1937-1938 жылдардағы ұлтымыздың сүт бетіне шыққан қаймақтарын сыпырып әкеткен репрессия, 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс, 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны – осының бәрі халқымызға оңай тиген жоқ. Талай мәрте жіліншігіміз үзіле жаздап барып, аңыздағы феникс құс секілді өз күлімізден жаралып, дүр сілкіндік. Осындай тар құрсаулы кеңестік қоғамның 80-жылдардың соңына қарай жетпіс жылға жуық тоң болып қатқан көбесі сөгілді. Жариялылықтың желі оңынан соқты. Ұлт рухы оянды. Алдымыздан самаладай жарқырап ақ күн туып келе жатты. Тәуелсіздіктің жылы лебі сезілді. Әсіресе отызыншы жылдары жазықсыз жаланың құрбаны болған ел ардақтыларын ақтау қолға алынды. Комиссия құрылды. Енді сол ұлт қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мерзімді баспасөзде мақалалар, естеліктер жариялана бастады. Тарихымыздағы ақтаңдақ болып қалған осы тақырыпқа алғаш қалам тербеген журналистің бірі – Армиял Тасымбеков.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023
«Барлығы шаршатты». Алматы облысында төрт ай бұрын жоғалып кеткен жеткіншек табылды
14 жастағы баласын төрт айдан бері таба алмай жүрген Алматы облысының тұрғыны «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұраған еді. Полиция өкілдері Марлен Серікті Алматыдан іздеген. Алайда, жоғалған баланы бағдарлама ұжымы Шымкент қаласының көлік жуу орталығынан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2023
Шын мәнінде, егемендіктің, еркіндіктің ақ таңына дейінгі азапты жолда кімдердің ізі қалғанын, рухты жырында кімдердің даусы естілетінін Жер-ана жақсы біледі. Қатпары қалың болса да, оқулығы жұқа тұнған тарих та куә. Қаншама жан азаттыққа қол созды, қаншама қадам жасалды, гүлдер солды, үміттер үзілді, шырағы сөнді. Рух сілкінді, тарихи сана оянды. Бұл «соғыста» ұлтының тәні мен жаны ояу болсын деген талай қайраткер қалам арқылы күресті. Елдің рухын берік етіп, ішкі сенімін күшейткен қаншама сүйекті шығарма қазақ аңсаған азаттыққа жол салды.