Руханият • 19 Желтоқсан, 2023
Елі мен жерінің қайғы-қасіретін жан-жүрегімен терең сезінген ақын Мағжан Жұмабай ХХ ғасыр басында Алаш арыстарымен бірге қалай да ұлтын оятуды көксегені мәлім. Сондағы аса бір қамырықты өлеңі «Қазақ тілі» еді. «Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады» деп басталатын шағын ғана жырда бәрінен күдер үзген ақын ең соңында үмітті ұлттың ана тілінен табады. «...Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!» деп аяқтайды. Әлкей Марғұланша айтқанда, «Қазақ халқы үшін Мағжан Жұмабайдың маңызы ағылшындар үшін Шекспирдің, орыстар үшін Пушкиннің маңызынан кем емес». Демек, осыншама ұлы ақынның бұлай деуінде үлкен мән бар.
Тарих • 19 Желтоқсан, 2023
1916 жыл: Асыға атқа қонғанда...
Еліміздегі 1916 жылғы көтеріліс – қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы азапты да қасіретті тағдыры. Оның шығу, өрістеу шежіресі отандық тарих ғылымында әлі де өзекті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабын патшалық Ресейдің отары ретінде тартқан Қазақ елі шикізат өнімдерін дайындаушы, салық төлеуші болып, барлық құнарлы жерінен айырылған еді. Оған қоса патшаның соғыс жағдайында орыс емес халықтардың азаматтарын қорғаныс бекіністерін салу жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы қазақ қоғамын дүрбелеңге салды. Архив құжаттарында патша өкіметінің жүргізген саясатына, қазақ қоғамындағы зиялы қауымның атқарған жұмысына, патша жарлығы негізінде қара жұмысқа алынған және шетел асып, еріксіз кеткен қазақтарға қатысты деректер сақталған.
Өнер • 19 Желтоқсан, 2023
Өнерді өміршең, өзгелерден дара ететін оның астарындағы автордың ішкі «мені». Ал сол «мен» жеке адамның таным ауқымынан шығып, тұтас ұлттың, тіпті күллі адамзаттың арманына ұласқанда саф өнердің тынысы қайта ашылады.
Тұлға • 19 Желтоқсан, 2023
Кәсіби би өнерінің ерен тұлғасы
Биыл еліміздегі хореография өнерінің аңызға айналған тұлғасы, қазақ биін дәріптеуші, зерттеуші, жоғары оқу орнында хореография кафедрасын ашып, бишілердің елімізде кәсіби жоғары білімін қалыптастырған ғалым, Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Дәурен Әбіровтің туғанына 100 жыл толып отыр.
Заң • 19 Желтоқсан, 2023
"Сергектен" сақ болыңыз: енді телефонмен сөйлескеніңіз де камераға түседі
Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті "Сергек" камералары тағы қандай заңбұзушылықтарды тіркейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.