Хоккей • 21 Желтоқсан, 2022
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» кезекті тур ойынын Нижнекамскіде өткізіп, жергілікті «Нефтехимиктен» басым түсті.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2022
Облыстық тарихи өлкетану музейінде әр дәуірдің көзіндей болған жәдігерлер жетіп артылады. Олардың біразын өңір тұрғындары кездейсоқ тауып алып, музей қорына өткізген екен. Солардың бірі – сақ дәуірінен жеткен еліктің мүсіні.
Спорт • 21 Желтоқсан, 2022
Кеше Иерусалимде дзюдодан Jerusalem Masters турнирінің жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеде еліміздің балуандары бақ сынап жатыр.
Оқиға • 21 Желтоқсан, 2022
«Бай-қуатты болайық» деп халқының жүрегіне жол салған жампоз журналист Нұртілеу Иманғалиұлын білмейтін қазақ жоқ шығар! Ақпарат саласының қара нарына айналған бірегей тұлға көзі тірісінде ел руханиятына сүбелі үлес қосып, ұлт тележурналистикасының қалыптасуына бар қажыр-қайратын жұмсады.
Оқиға • 21 Желтоқсан, 2022
Ерекше жандарға ерекше көзқарас керек
Биыл Қазақстан саңыраулар қоғамының құрылғанына 85 жыл толды. Бүгінде елімізде ұйымның әр облыста 19 филиалы бар, онда барлығы 16 мың мүше тіркелген. Кеңес заманынан бері мүгедектерді есепке алып, оқытып, кәсіпке баулып, еңбекке тарту мақсатында нәтижелі жұмыс атқарып келе жатқан ұйым қазіргі кезде де қоғамға көп пайдасын тигізіп отыр.