Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Зағип жандар кітапханасында «Қазақтың бұлбұлы» әдеби кеші өтті
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Болашақққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш өтті. Кеш барысында Бибігүл Төлегенованың шығармашылығынан деректі фильм көрсетілді.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында салық берешегі 9,3 млрд теңгені құрады
Есепті жылды қортындылауға санаулы күн қалғанымен, Алматы облысындағы салық борышкерлері тиісті төлемдерді өтеуге асығар емес. Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегі бойынша, өңірдегі төленбеген салық көлемі 9,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл 154 133 тұлғаның мемлекетке қарыз екенін көрсетеді.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Махамбет Досмұхамбетов: Біздің табысымыз – Ассамблеяның барлық мүшелерінің жұмысының жемісі
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII сессиясы өтті. 25 жылдық мерейтой қарсаңында болған сессияда биылғы атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар ішкі қажеттіліктерге бағытталған заң жобасын қарады
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.