Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019

ЮНЕСКО-ның Бас хатшысымен кездесті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Парижде ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одрэ Азулемен кездесті деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

ЮНЕСКО-ның Бас хатшысымен кездесті

Олар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдар және алдағы уақыттағы  ынтымақтастықтың перспективаларына қатысты көптеген мәселені талқылады.  

Қырымбек Көшербаев ЮНЕСКО жетекшісіне әл-Фара­бидің 1150 жылдығы мен Шым­кент қаласының 2200 жылдығын ЮНЕСКО-ның атаулы күндері мен оқиғаларының халықаралық күн­­­тізбесіне енгізу жөніндегі Қа­зақ­­стан бастамасына қолдау көр­сет­­кені үшін ризашылық білдірді.

Сондай-ақ келесі жылы Қазақ­станда қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбай­ұлы­ның 175 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Бұл орайда, 2020 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде арнайы мәдени бағдарламалар ұйымдастыру ұсынылды.

Кездесуде Бүкіләлемдік мәде­ни мұраға жататын ескерткіштерді қорғау бойынша Қожа Ахмет Ясауи­дің кесенесі орналасқан Түркіс­тан қаласының қазіргі заманға сай даму тақырыбы қозғал­ды. Тараптар «Жібек жолының Ферғана-Сырдария дәлізінің желілері» трансұлттық номинациясына қатысты және таяу жылдары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне сериялық номинацияларды енгізуге қатысты  ұстанымдарымен келісті.

Кездесу соңында Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанға шақыру қағазы ЮНЕСКО Бас хатшысы О.Азулеге табысталды. Ол шақы­ру­ды ризашылықпен қабылдады.