Медицина • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстанның жетекші онкологтары Тәжікстанда тәжірибе бөлісті
Бүгін Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері басталды. Екі күндік шараға «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі Әлия Абдрахманова, бас және мойын ісіктері орталығының жетекшісі Мұрат Қайбаров қатысып отыр.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
ҰБТ электронды форматқа көшіріледі
Үкіметтің кезекті отырысында Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары және жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Солтүстік Қазақстанда биыл үш заманауи сүт фермасы іске қосылды
Есіл ауданының Заградовка елді мекенінде озық құрал-жабдықтар орнатылған сүт фермасы қолданысқа берілді. Бұл – соңғы екі жылда ашылған жетінші ферма.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Салық бойынша қарыздарды өтеу үшін 13 күн қалды
Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды
«Бейнеу-Шетпе» трассасында «Газ-30232-244» маркалы автокөлікпен ешқандай құжаттары жоқ бауыздалған 3 бас жылқыны Ақтау қаласына алып бара жатқан жерінен Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен тоқтатылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.