Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019

Елордада «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Полиция департаменті ТЖД-мен бірге 2019 жылдың 17 желтоқсанынан 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағында «Пиротехника-2019» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Іс-шараның негізгі мақсаты – арнайы сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді айналымнан алып тастау, сондай-ақ заңсыз сату және сақтау ережелерін бұзу фактілерін анықтап, оның жолын кесу.

Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды контейнерлерден тыс және пиротехникалық бұйымдарды сақтауға лицензиясы, рұқсаты жоқ адамдардардың сатуына, сондай-ақ ашық сөрелерде, автомашиналарда, шатырларда, өтпе жолдарда қолма-қол сатуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді. Осындай фактілер анықталған жағдайда, аталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.