Заң жобасы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 30-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген және тариф жасауды жетілдіруге және ашықтығын арттыруға, кірме жолдардағы көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ транзиттік тасымал процестерін реттеуге бағытталған.
Құжатпен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасымен Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықтардың құрамында бағыттаушы бұрмалар мен өткелдерді күтіп-ұстағаны үшін жауапкершілік; кірме жолдардағы реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету үшін пайдаланылатын мүлік мәмілелерін жасау кезіндегі табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімін алу міндеттемесі; магистралдық желіде қызмет көрсету жөніндегі Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды тасымалдаушыға көрсеткен қызметтеріне қосылған құн салығын есепке жазу және жатқызу тәртібі регламенттеледі.
Құжат Палата қарауына берілді.