Өнер • 13 Желтоқсан, 2018
Ит жүгіртіп, құс салған кәсіби құсбегі Мақпал Әбдіразақова туралы
Осыдан біраз бұрын еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары Ұлыбританияның Daily Mail басылымы және ағылшын режиссері Отто Белл түсірген «Бүркітші қыз» атты деректі фильм арқылы әлемге танымал болған моңғолиялық қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының Астанаға келген сапарын жан-жақты ашып көрсетті. Сол кезде еске бірден қазақтың кәсіби бүркітші қызы Мақпал Әбдіразақова түскен болатын.
Леонид Прокопенко: Бірлік – елдігіміздің тірегі
Белгілі бір елдің аты аталғанда онымен бірге тіл ұшына оралатын атаулар, белгілер, көріністер болады. «Қазақстан» дегенде ұлан-байтақ дала, желмен жарысқан сәйгүліктер, жер мен көкті жалғаған «Байқоңыр» көз алдымызға келеді. Ал халықаралық деңгейлі жиындарда татулық пен қоғамдық келісім сөз болса, «БҰҰ-ның шағын нұсқасы», «әлемнің басқа мемлекеттері үшін орнықтылық пен дамудың үлгісі бола алатын» біздің Отанымыздың, оған қоса Қазақстан халқы Ассамблеясының аты аталуы дәстүрге айналған.
Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018
Егемендік – көктен түскен сый емес
1991 жылдың 19 тамызы күні Кеңес Одағында жоғары билік тұтқасын ұстаған сегіз адам Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрып (ТЖМҚ) бүкіл КСРО аумағына сес көрсетіп, тіс қайрай сөйлегені мәлім. Бұл кезінде ашық аспанда найзағай ойнап, күн күркірегендей оқиға болғаны рас. Г.Янаев КСРО Президентінің міндетін атқаруға жол ортадан киліккені де көпшілікті таңғалдырған-ды. Осы кезде КСРО-ның тұңғыш та соңғы «көзі тірі» Президенті М.С.Горбачев басына қауіптің қара бұлты үйірілгенін сезбестен Қырымда қаннен қаперсіз демалып жатқан-ды.
Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді
Қазақстанның омбудсмені Асқар Шәкіров Жоғарғы сотпен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оның Төрағасының атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018