Қаржы • 20 Желтоқсан, 2022
Шағын бизнестің ауқымы кеңейді
Кейінгі бір жыл ішінде елдегі шағын бизнес кәсіпорындарының саны 10 пайызға көбейген. Солардың ширегінен астамы сауда және автожөндеу саласындағы кәсіп нысандары екен. 2022 жылдың қарашасының басындағы жағдай бойынша елде 496,3 мың шағын кәсіпорын тіркелген. Бұл – былтырғымен салыстырғанда 5,4 пайызға жоғары көрсеткіш. Соның ішінде шынымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын саны 379 мың. Бұл тұрғыдан да 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 11,4 пайызға ілгерілеу бар.
Руханият • 20 Желтоқсан, 2022
Шерхан Мұртаза мұрасына арналған халықаралық симпозиум Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында қазақ әдебиеті мен баспасөзіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар жазушы, қайраткер тұлға Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің қолбасшысы» атты халықаралық симпозиум өтті. Келелі басқосуға Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және еліміздің өңірлерінен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Футбол • 20 Желтоқсан, 2022
Футбол тарихында алғаш рет күн қысқарып, түн ұзарған шақта ұйымдастырылған дүниежүзілік доп додасы да тарих қойнауына енді. Соңғы рет әлемнің ең үздік 32 құрамасы бас қосқан Қатардағы футбол тойы бұған дейін екі рет ала доп аламанында үздік шыққан Аргентина құрамасының жеңісімен аяқталды. XXI ғасырдың екінші он жылдығындағы жер-жаһанның теңдессіз футболшысы деп танылған Месси 16 жыл бойы армандаған Әлем кубогіне қол жеткізді. Енді оның аты футбол әлемінің аңыздары – Пеле, Марадоналармен қатар аталатын болды.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2022
Ипотека мен инфляция текетіресі
Ұлттық банктің инфляцияға қарсы күрестегі басты құралы – базалық мөлшерлеме. Сөз жоқ, тиімді-ақ құрал. Алайда базалық мөлшерлеме көтерілген сайын банктер беретін несие қымбаттайды. Бұл ипотека арқылы әне-міне пәтер аламын деп отырған адамдардың асқақ арманын алыстата түседі.
Өнер • 20 Желтоқсан, 2022
Өткен апта аяулы Алматы шаһары мәдени мерекенің алтын ошағындай сезілді. Сонау 1998 жылы бастау алған Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі пандемияға байланысты екі жылдық үзілістен кейін Алатаудың етегіне қайта оралды. XVI маусымын ашып отырған дүбірлі дода биыл да әзелгі мақсатынан айнымай, қазақ киносын өнер және жеке индустрия ретінде дамыту, жұртшылықтың киноға деген қызығушылығын арттыру, кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр.