Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 18 Желтоқсан, 2019
Мәулен Әшімбаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 18 Желтоқсан, 2019
Нұртілеу Иманғалиұлы Дархан Қыдырәлімен сұхбаттасты
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан көрсетілетін «Nur Tileý» бағдарламасының жүргізушісі Нұртілеу Иманғалиұлы Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaqstan» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлімен сұхбаттасты.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ҮЕҰ арасында байқау өтті
2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыруға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп бірқатар жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.