Көрме • 13 Желтоқсан, 2023
Францияның заманауи туындылары
Астанадағы Ұлттық музейде еліміздегі Франция елшілігі заманауи француз шығармашылығымен жақын таныстыратын екі көркем жоба ұсынды. Оның біріншісі – француз фотографы Адель Желанскидің «Мен сені жақсы көремін» атты көрмесі болса, екіншісі – «Цифрлы күз» атты фестивалі.
Жәдігер • 13 Желтоқсан, 2023
М.Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі музейінде көптеген жәдігер бар, соның бірі – шөген добы.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2023
Келер жылдың газет, журналдарына жазылу науқанынан ел сенімін арқалаған депутаттардың да тысқары қалмағаны қандай ғанибет? Соның ішінде еліміздің басты газеті «Егеменге» жанашырлық жүрекпен, қамқор көңілмен өздері ғана жазылып қоймай, ардақты ағалардың, ақжаулықты аналардың жазылуына қолұшын созған азаматтардың ісіне сүйсінбеуге бола ма?
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Қоян-қолтық ұрыс спортынан жеңімпаздар анықталды
ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионаты мен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирдің қорытындысы шығарылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен астам спортшы қатысқан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қорғаныс министрінің кубогы үшін Қазақстан күштік құрылымдарының 16 құрама командасы күш сынасты.
Спорт • 13 Желтоқсан, 2023
Отандас хоккейші АҚШ-та рекорд орнатты
Отандасымыз Бексұлтан Мақыш Бостон хоккей академиясының U15 командасында 100 ұпайды (55 гол + 45 ассист) ең жылдам (44 ойын) жинаған хоккейші атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sportqazaq Telegram арнасына сілтеме жасап.