Саясат • 15 Желтоқсан, 2022
Қаңтар оқиғасы: 1 071 адамға рақымшылық жасалды
Құқық қорғау органдары Қаңтар оқиғасына қатысты деректерді жұртшылық назарына ұсынуды жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілген. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылған.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2022
Абай облысы Ақсуат ауданы орталығынан 90 шақырым қашықта орналасқан Елеке сазы атты жайлау бар. Бұл жерді қазір археологтер «Патшалар алқабы» деп атай бастады. Өйткені осы аумақта жеті қорым, 300-ден аса қорған бар. Бұл өлкеден соңғы жылдары сақ және кейінгі түркі дәуіріне тән артефактілер көптеп табылып жатыр.
Спорт • 15 Желтоқсан, 2022
Кеше Қатардағы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық сайысы өтті. Лусаилдағы 90 мың көрермен сыятын ұлттық стадионда ине шаншар бос орын болмады. Барша жұртты мазалаған сұрақ: «Аргентина жеңе ме, әлде Хорватия ма?», «Месси мықты ма, әлде Модрич пе?», Міне, осы іспеттес сауалдарға жауап алу үшін сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні жер-жаһанның жанкүйерлері көгілдір экранға көз тікті.
Руханият • 15 Желтоқсан, 2022
14.02.2007. Бүгін ұмытылмас күн. Оқырмандарыммен алғаш рет кездескен күнім. Бұл өтініш №51 қазақ орта мектебінің 9 «Б» сыныбы ата-аналарының атынан көршіміз Гүлжиһаннан түскен еді. Оның осы сыныпта Әсел қызы оқиды. Жұмысбасты болып бұл өтініш кейінге ысырыла берген-тін. Әңгіме тақырыбына менің «Махаббат жыршысы» кітабым арқау болуға тиісті еді. Ұялғаннан келісімімді бердім.
Өнер • 15 Желтоқсан, 2022
Қазақстандық анимацияға биыл 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жаңадан жасақталып, мультипликацияның жұмысы қайта жанданды.