Қаржы • 14 Желтоқсан, 2022
Ұлттық қор түсімі 100 млрд долларға жетуі мүмкін бе?
Үй алу үшін ақша жинай бастадыңыз делік. Бірақ межелі сомаға жеткізбей тамақтану үшін, қыдыру үшін әлгі жинақтан ақша суыра бересіз. Мұндай жинақтың берекесі бола ма? Әрине, жоқ. Үй алсам деген мақсатыңыз да біртіндеп алыстай бермек. Ұлттық қордан қаржы алып жатқанымыз да тап осындай жағдай. Мұнай таусылған кезде ұрпағымыз алаңсыз пайдалансын деген қаражатты әлсін-әлсін опырып түсеміз. Республикалық бюджеттің жыртығын жамау үшін жыл сайын Ұлттық қордан кепілді трансферт түсіп отырады. 2020 жылы оның сомасы – 4,7 трлн теңге, 2021 жылы – 2,7 трлн теңге, 2022 жылы 4,03 трлн теңге болды. Сарапшылардың айтуынша, тап осындай қарқынмен жұмсайтын болсақ он жылдан соң Ұлттық қордағы актив те таусылады.
Парламент • 14 Желтоқсан, 2022
Парламентаралық байланыс нығая түседі
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов бастаған делегация Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафтың шақыруымен Исламабадқа барды.
Саясат • 14 Желтоқсан, 2022
Жеңілдетілген ипотеканың жеңілдігі аз
Ұлттық банк 2023 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды кезең-кезеңімен тоқтатуды жоспарлап отыр. Алғашқы кезек 2 пайыздық «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасына бағытталған сияқты.
Білім • 14 Желтоқсан, 2022
Сәуле Рахметуллина: Өңірлік университеттің берері мол
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысы жоғары болатын 5 мамандықты атаған еді. Оның ішінде инженерлік саланы ерекше атап көрсетті. Бұл ретте Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі саналады. Осыған орай, оның ректоры Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинаға жолығып, өзі басқарып отырған жоғары оқу орнының жинақтаған тәжірибесі мен алдағы жоспарлары жайлы айтып беруін сұраған едік.
Президент • 14 Желтоқсан, 2022
МАЭК-сыз Маңғыстаудың жайы мүшкіл
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) мәселесі жергілікті жерде көптен жыр болып келеді. Құрал-жабдықтарының 80 пайызы ескірген кәсіпорынға арашашы болу үшін маңғыстаулықтардың мәселе көтергеніне де біраз болды.