Қоғам • 12 Желтоқсан, 2024
Қаржы мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында арнайы форум өтті. Бұл іс-шарада қаржы пирамидалары, дроп схемалары, интернет алаяқтықтары, есірткі саудасына байланысты алдаудың әдістері жан-жақты талқыланды. Мамандар студенттерге алаяқтардан сақтану жолын түсіндірді.
Жоба • 12 Желтоқсан, 2024
Жас экологтердің озық жобалары
Жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жастарды да толғандырады. Осы орайда Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің белсенді студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, тың жобаларды қолға алды.
Ғылым • 12 Желтоқсан, 2024
Алматыдағы Достық үйінде академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Оған Ұлттық ғылым академиясының басшылығында болған ғалымдар мен дербес ғылым академияларының басшылары қатысты.
Тұлға • 12 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың 20–30-жылдарында кеңестік империя «халық жауы» деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматтарын жазықсыз жазалағанына тарих куә. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысынан он мыңнан астам адам түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, жер аударылды. Сондай қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбыраев еді.
Тағзым • 12 Желтоқсан, 2024
Алаш қайраткерінің зерделі тұяғы еді
Күні кеше мұхиттың арғы жағынан қаралы хабар келді. Түркістан автономиясының тұңғыш төрағасы, Алашорда үкіметінің көрнекті өкілі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер Мұхаметжан Тынышбаевтың ұлы, ғалым Дәулет Шейх-Әли дүниеден өтіпті...