Әдебиет • 11 Желтоқсан, 2024
Хакімді қытайша сөйлеткен жазушы
Ұлт пен ұлтты, ел мен елді біріктіретін шекарасыз әлем – өнер. Киелі қалам ұшымен халық қасиетін бейнелеген озық ойлы қаламгерлердің бірі, Қытайдағы қазақ жазушысы – Акбар Мажиттің 70 жасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталып өтті.
Бокс • 11 Желтоқсан, 2024
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық кездесулері өтті. Бұл біріншіліктің бір ерекшелігі – әйелдер алғаш рет дулығасыз жұдырықтасты. Бес бірдей боксшымыз финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынады. Нәтижесінде, бесеуі де жеңіске жетті. Сөйтіп, боксшы қыздарымыз дүбірлі додадан 5 алтын, 5 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте көш бастады.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2024
Шалғай аудандардың тыныс-тіршілігі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов, Шал ақын аудандарының жер көлемі қомақты, соған сай өндірісі, ауыл шаруашылығы, қоғам өмірінің сан саласы жан-жақты дамып келе жатыр. Кейінгі жылдарғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де көз қуантады.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2024
Мәнерлеп сырғанаудан Францияның Гренобль қаласында Гран-при додасының финалдық сайыстары өтті. Аталған жарысқа еліміздің өкілдері бұған дейін бірде-бір рет қатыспаған еді. Биыл Михаил Шайдоровтың бағы жанып, ол үздіктермен бірге өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2024
Биылғы маусымның қорытынды жарысы Токио қаласында өтті. «Үлкен дулыға» санатындағы турнирден еліміздің беткеұстар балуандарының барлығы да босатылып, Жапония астанасында қосалқы құрамдағы спортшылар өнер көрсетті.