Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019
Алматылық «Еңбек ардагері» Людмила Коваль 100 жасқа толды
Қазақстанға 1961 жылы Қазақстанға жолдамамен келген кейуана «Биокомбинатта» ұзақ жылдар бойы микробиолог болып істеген. Батыл, ержүрек ананы құттықтауға Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов келді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019
Аграрлық грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады
Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Әскерге шақырушылар күніне» арналған концерт өтті
Ұлттық ұлан қатары тағы 50 жас сарбазбен толықты. Бүгін Алматыда «Әскерге шақырушылар күні» аясында оларға құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өтті. Айта кету керек, Алматы қаласынан 2000-нан астам жас әскер қатарына қосылады. Бұл шара «Рухани бағдарлама» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2019
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Премьер-Министрі Асқар Мамин АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Сан-Франциско қаласына барып, онда цифрлық даму, венчурлық қаржыландыру және энергетика саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың басшылығымен кездесулер өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2019
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев мұнайгаз конденсат кен орнында табиғи газды ауыр көмірсутегінен тазартып, техникалық пропан, тауарлы құрғақ газ, пропан-бутан қоспасы және қалыпты газ конденсатын алуға болатын жаңа кешен жұмысын бастады. «Жайықмұнай» компаниясының соңғы үлгідегі №3 газды кешенді дайындау қондырғысын іске қосу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев арнайы барды.